«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖҰЛДЫЗДАРҒА ҚАРА” ЖОБАСЫ төрт кәсіпкерге жол ашты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

“Жұлдыздарға қара” жобасына жасы 18-ге толған 1 және 2 топтағы мүгедектер қатысты. Грант түрінде берілетін қаржыны олар кәсіпкерліктегі машықтығы мен біліктілігін және тәжірибесін жетілдіру үшін пайдаланады.

Биылғы жылдың 1-ші қыркүйегі мен 26-шы қазаны аралығында кәсіпкерлер өз бизнес-идеялары және оны жүзеге асырудың жолдарын көрсетіп, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалына өтініш білдірді. Ал қарашаға дейін “Даму” қорының өңірлік филиалының жанынан құрылған комиссия өтініштердің әрқайсысын жеке қарап, ішінен ең тәуір деген бес жобаны таңдап алып, ол жобаларды “Құс жолы” қорының соңғы сараптамасына жіберген болатын. Осы екінші кезеңнің қорытындысы бойынша біздің облысқа берілген грантқа ие болғандар: Юрий Москаленко авто- жөндеу жұмыстарын жүргізуді көздейді; Марат Нұркин шағын компьютерлік орталық ашпақ; Алексей Пшенцов өз жобасында әкесінің автокөлігімен тасымал жұмыстарын ұйымдастыруды көрсеткен; Берік Байжанов анасымен бірге қолөнер бұйымдарын тігу кәсіпкерлігімен айналыспақшы.

Осындай бизнес-жоспарларымен жеңіске жеткен кәсіпкерлерге грант мөлшерінде қажетті құрал-жабдықтар сыйланды.

“Жұлдыздарға қара” жобасы бойынша мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің үшінші кезеңі келесі жылдың көктем айында жалғасады.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp