Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша рейдтер жүргізушілердің жол үстіндегі қырағылығын арттыру үшін жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары мен ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының қызметкерлері бірлесіп 16 рейдтік шара жүргізді. Оның барысында 1000-нан астам автокөлік құралының жүргізушісі тексерілді, жалпы сомасы 1,5 млн. теңгеден астам 186 айыппұл төленді.
Бір айға созылған акция барысында рейдтік шаралар автокөлік құралдары ең көп шоғырланған нүктелерде жүргізілді.
Солтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаментінің
баспасөз қызметі.