«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗДІҢ ФИЛИАЛ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақыт СӘБИЕВА,

Ұлттық банк облыстық филиалының

бөлім бастығы.

2013 жылғы ақпан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 2012 жылдың жұмыс қорытындысы туралы Ұлттық банктің аумақтық филиалдары мен департаменттерінің есептері тыңдалды. Жыл ішінде атқарған жұмыс қорытындылары туралы 28 ақпанда біздің облыстық филиал да есеп берді.

Ұлттық банктің аумақтық филиалдарының қызметі мен рейтингін бағалау тәртібін басшылыққа алған комиссия есепті кезеңнің қорытындысын шығарды және филиалдар рейтингін анықтады. Комиссия шешімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко қол қойған Құрмет грамотасы 2012 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша аумақтық филиалдар арасында үздік деп танылған біздің облыстық филиал ұжымына тапсырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp