«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылғы 7 наурызда облыстық сайлау комиссиясының кезекті мәжілісі болып, онда мынадай мәселелер қаралды:

2013 жылғы 15 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутатының сайлауында таңдаушыларға сайлау бюллетеньдерін беру жауапкершілігі жүктелетін облыстық сайлау комиссиясы мүшелерін бөлу туралы.

Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен мәжілісіне қатысатын Сенат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері туралы.

Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен мәжілісінде облыстық сайлау комиссиясы төрағасы сөзінің мәтіні туралы.

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 12-16 наурыздағы жұмыс жоспары туралы.

Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутатының сайлауы жөніндегі таңдаушылардың дауыс беру орны мен уақыты туралы.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутатының сайлауында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына хабарлаудың нышаны туралы.

Күн тәртібіндегі қаралған барлық мәселелер бойынша тиісінше қаулылар қабылданды.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp