«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНА ТІЛІН АРДАҚТАҒАН ҰСТАЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елбасының “…Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80% дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95% құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100% мемлекеттік тілді біліп шығатын болады”, – деген тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің алдына қойылып отырған міндет жүгі өте салмақты. Бұл бағытта олардың ерен еңбектерін атап өткен жөн.



Сондай абыройлы ұстаздарымыздың бірі – №10 орта мектептің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетІ пәндерінің мұғалімі Қайыржамал Даниярова.
Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкірттерінің жетістіктері-мен өлшенеді. Қайыржамал Сыздыққызының оқушылары қазақ тіліне қатысты түрлі байқауларда жаттанды сөздерімен емес, үнемі қазақша ойланып сөйлеу қабілеттерімен ерекшеленеді. Сол себепті шәкірттері үнемі жүлделі орындарды иеленеді. Қаламызда қазақ тілінен пән олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі орындар алатын да, “Тіл – адам жанын танудың кілті” тақырыбында өтетін өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінен білімін саралайтын республикалық байқауда бас жүлде иеленген де осы Қайыржамал Сыздыққызының оқушылары. Мұндай жетістіктерге жету үшін мұғалім қоржынында қалыптасқан авторлық жеке оқыту әдістемесінің болғаны абзал десек, ол өзінің 30 жылдан астам ұстаздық ғұмырында бұл асуды да бағындыра алды. 
Соңғы екі-үш жыл көлемінде оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін еуропалық стандарттар негізінде деңгейлеп оқыту мәселесі оқу үрдісіне етене енуде. Қ. Даниярова – шығармашыл топ мүшесінің бірі ретінде жаңа оқу бағдарламасы негізінде деңгейлеп оқыту жүйесі бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау жасауға көп үлесін қосқан ұлағатты ұстаздардың бірі. Қазақ тілін деңгейлеп оқытуға негізделген ұстаз әдістемесі бүгінгі таңда әріптестеріне зор көмегін беруде.
Қайыржамал Сыздыққызы – жас мамандарды ұстаздықтың қыр-сырын меңгеруге баулу жолдарын жетік меңгерген маман. Ұстаз еңбегінің зейнетін қалалық, облыстық көлемде өз іс-тәжірибесімен бөлісу арқылы үнемі жүйелеп отырады. Ол өткізген ашық сабақтар, шеберлік сыныптары, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты тыңдаушыларына көрсеткен іс-тәжірибе алмасу жұмыстары әдістемелік тұрғыда жоғары деңгейде, сауатты өтеді.
Өзінің ұзақ жылдар бойғы еңбек жолында ұстаз қалалық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының, қала, облыс әкімдерінің Құрмет грамоталарымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған. Сан жылдық жемісті еңбегі үшін Қайыржамал Сыздыққызы “Тәуелсіздіктің 20 жылдығы” медалімен де марапатталған..
Зухра АУҒАНБАЕВА, “Петропавл қаласының білім бөлімі” ММ қазақ тілі мен әдебиеті

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp