«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАҢА БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ” – студенттерге арналған шара

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Даму” қорының кәсіпкерлікті қолдау орталығы оқу орындарын аяқтағалы отырған студенттермен және оқушылармен “Бизнесін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау” тақырыбында семинар-кездесулер ұйымдастыра бастады. Сондай шараның бірі гуманитарлық-техникалық колледжде өтті. Оған “Атамекен” Одағы” ұлттық экономикалық палатасының өкілдері де қатысты.

Шара барысында “Бизнестің жол картасы – 2020” және “Даму” қорының бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын мемлекеттік қолдау тетіктері айтылып, “Атамекен” Одағы” ұлттық экономикалық палатасының “Atameken Startup” және “Atameken Startup Weekend” бағдарламалары таныстырылды.

Кездесу кезінде колледж оқушылары арасында инновациялық идеяларды жүзеге асыруға гранттық қаржыландыру алу мүмкіндігі қызығушылық тудырды. Сонымен бірге “Damu Startup” бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, “Бизнес-кеңесші” және “Atameken Startup Weekend” бағдарламасына қатысу мәселелері жан-жақты талқыланды.

– “Даму” қорының гранттарын алу мүмкіндігі мен “Atameken Startup” бағдарламасы бойынша қаржыландыру мәселесін оқушы жастардың қызу талқылауы өтіп отырған шараның өзектілігін танытады, – дейді колледждің жалпы білім беру пәндері бөлімінің меңгерушісі Татьяна Сутюшева.

Кездесу соңында колледж түлектері гранттар алу конкурсының өткізілуі туралы дер кезінде хабарланып отырса, деген тілектерін де жеткізді.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp