«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛАҢКЕСТІКТІ НАСИХАТТАУШЫҒА СОТ БАСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында лаңкестікті насихаттағаны және заңсыз қару сақтады деген күдікпен ұсталған жергілікті тұрғынға қатысты іс бойынша талқылау басталды, деп хабарлады ҚазТАГ аудандық соттың баспасөз хатшысы Ерлан Сексеновке сілтеме жасап.

“Қазыбек би аудандық сотында “Лаңкестікті насихаттау немесе лаңкестік актісін жасауға жария шақыру” бабы бойынша, сол сияқты “Заңсыз қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар сатып алу, тапсыру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бабы бойынша айыпталып отырған Қарағанды қаласының тұрғынының қылмыстық ісі қаралатын болады”, – деді Е.Сексенов дүйсенбі күні.

Тергеу деректері бойынша аталмыш ер адам қарулы жиһад ұстанымына берілген діни ағымның жақтаушысы болып табылады. Ол өткен жылы Қарағандыда қараша айында ұсталды. Одан шолақ мылтық, аңшы пышағы, калибрі 9 миллиметрлік үш патрон, сол сияқты лаңкестік пен экстремизмді насихаттайтын материалдар және өзгенің мүлкіне ие болу жолдары туралы нұсқамалар жазылған флэшкарта алынды.

“Іс материалдарынан байқалып отырғанындай, күдікті 2011 жылдың қыркүйек айының соңынан 2012 жылдың қазан айына дейін лаңкестік пен діни экстремизм идеологиясын насихаттаған және таратқан. Сонымен бірге бірнеше рет жария түрде ұлттық, діни өшпенділікті және дүрдараздықты қоздыруға бағытталып, ойластырылған іс-әрекеттер жасады. Сондай-ақ үнемі өзімен бірге алып жүру үшін аңшы пышағын сатып алған”, – деп түсіндірді Ерлан Сексенов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp