«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЛОНДОН ОЛИМПИАДАСЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ мен ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНІҢ ХАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Лондон Олимпиадасы ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен хат келді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Хатта Тәуелсіздік жылдарында Мемлекет басшысының спортты қолдауға бағытталған саясатының арқасында Қазақстан табысты спорт державасына айналғаны атап өтілген. Оған Лондон Олимпиадасының нәтижесі айқын дәлел, онда еліміз жалпыкомандалық есеп бойынша сенімді түрде 12-орынды иеленді.

 

Авторлар Қазақстан Президентінің жетістіктің жоғары көрсеткішін ұстап тұру қажеттігі туралы сөзін де еске алған.

Олимпиадашылар өздерінің 1 наурызда Теміртауға ­­­– Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы басталған қалаға барғандықтарын мәлімдей келіп: “Біз Сіз еңбек жолыңызды бастаған домна пешінде болдық. Металлургтердің ауыр еңбегі Олимпиада алдындағы күн сайынғы жаттығулар тәрізді көрінді”, – деп атап өткен.

Хатта Президенттің “Олимпиададағы табыстарымыз стадионға жүздеген болашақ чемпиондарды жинауға тиіс”, деген сөзі келтірілген.

Авторлар Мемлекет басшысының қолдауымен отандық спортта жаңа жеңімпаздар пайда болатынына сенім білдірді.

“Біздің спорттағы жетістіктеріміз ­– ата-аналарымыздың дара жеңісі, барша қазақстандықтардың жеңісі, әрине, Сіздің де жеңісіңіз. Біз бәріміз Қазақстан Туы астындағы бір командамыз. Тек күшті және ұйымшыл команда ғана табыстарға жетеді”, – деген хат иелері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp