«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында берілген тапсырмалардың орындалуына қоғамдық бақылау жасау туралы тапсырмасын жүзеге асыруды ұйымдастыру мақсатында Есіл ауданының орталығындағы Мәдениет үйінде аталмыш қоғамдық институттың облыстық мәслихаттың татулық, қоғамдық және этносаралық мәселелер жөніндегі депутаттық тобымен есепті кездесуі өтті.

Кездесуге Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының, “Нұр Отан” ХДП-ның облыстық филиалының, ішкі саясат, жастар саясаты жөніндегі басқармалардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары қатысты.

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Елена Мезева атқарған жұмыстары жөнінде баяндағаннан кейін облыстық мәслихаттың депутаттары Гюлага Илдырымов, Елена Коноплева, Бари Амоев және “Нұр Отан” ХДП-ның облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Мұрат Жәкенов Елбасының тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстары туралы есеп берді. Ал жергілікті жердегі “Звонница” славян орталығының жетекшісі Зоя Ковальчук атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

Мұндай кездесулер жыл сайын өткізілетін болды. Себебі, тәжірибе, пікір алмасу этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға ауадай қажет. Аталмыш есепті кездесудің соңында Есіл ауданындағы этномәдени бірлестіктер концерт берді.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp