«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУШЫЛАР БАСТЫ ҚҰЖАТТАН ХАБАРДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда 10-сынып оқушыларымен өткізілген “Егемен елімнің ертеңі” тақырыбындағы “дөңгелек үстел” барысында өскелең ұрпақ “Қазақстан – 2050” Стратегиясын қызу талқылады.  

Оқушыларды, әсіресе, білім саласындағы жоспарлар қызықтырды. Жолдаудағы “Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек” деген сөздерді балалар терең ұғынғанға ұқсайды. Олар, әсіресе, білім берудің онлайн жүйелерін дамыту керектігін толықтай құптайтындықтарын білдірді. Келесі жылы мек-тепті аяқтап, жоғары оқу орнына түсуге даярланып жүрген 10-сынып оқушылары “Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс” деген қағиданы қолдайды екен. Әнел Шәкенова осындай ойын білдіріп, мемлекет бәсекеге қабілетті болуы үшін, алдымен, өздері, яғни жастар қауымы бәсекеге қабілетті болуы керектігін баса айтты. Дариянұр Есқұлова болса, ескірген немесе сұраныс жоқ пәндерден арылып, сұранысы көп және болашағы бар бағыттарды күшейту керек деген тұрғыда өз ой-пікірін білдірді. Әсіресе, қазақ тілі пәніне көбірек көңіл аудару керек деген ой айтылды. Өйткені, “Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз”. Оқушылар латын әліпбиіне көшуден де жақсы хабардар екендіктерін көрсетті. Мәдина Хамзина, Александр Тартачев сынды оқушылар латынға көшудің оң тұстары туралы өз ойларын батыл айта білді. Тіпті, бұл ретте өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрену оңайырақ соғатынын да жасырмады. 
Зарина Ниғматуллина мен Никита Дюкаревке Жолдаудағы “Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс” деген тұсы ұнапты.
Осылайша, “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауымен жақсы танысқандықтарын көрсете білген оқушылардың деңгейін “дөңгелек үстелге” қатысқан оқу ісінің меңгерушісі Қамар Есқұлова жақсы бағалады.
Ақбидай ХАМЗИНА,
“БЭСТ” гимназиясының мұғалімі.
Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp