«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Спартакиада сайыстары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста мектеп және колледж оқушылары арасындағы ҚР спартакиадасы жалғасуда. Үш топқа іріктелген 12 құрама команда шағын футбол сынында шебер атануға тырысты.

Сайыстың қорытынды кезеңінде СҚО мен Астана қаласының құрамалары кездесті. Былтырғы ел спартакиадасының чемпионы болған алаң иелері 3:2 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Сөйтіп алғашқы финалист анықталды.

 

Петропавлда мектеп және колледж оқушылары арасындағы ҚР спартакиадасы аясында қыздар арасында шағын футболдан жарыс аяқталды. Жерлестеріміз өздерін мықты футболшылар ретінде көрсетті. Алматы облысының құрамасын 15:0 есебімен ұтып, ақтық сынға жолдама алған солтүстікқазақстандық қыздар Ақмола облысының өкілдерімен кездесті. Нәтижесінде ойын 7:2 есебімен біздің құраманың пайдасына шешілді. Алтын алқа алуға ұмтылған солтүстікқазақстандық футболшы қыздар келесі қарсыластары Шығыс Қазақстан облысының командасын айқын басымдықпен жеңіп, өңірлік былғары доп шеберлері бірінші орынды иеленді.

(Өз тілшімізден).

Суреттерді түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Талап ҚОЙБАҒАРОВ,

“Вестник физической культуры” журналы редакторының орынбасары.

Мектеп және колледж оқушылары арасындағы ел спартакиадасы қысқы спорттық бағдарлаудан басталды. Аталмыш жарыс Қызылжар ауданының Большая Малышка ауылындағы “Серебряный бор” шоғында өтіп, оған қатысқан 120 спортшы 36 медальды сарапқа салды.

Бірнеше қосындарды компас және ой көмегімен тауып, қашықтықты барынша аз уақыт жұмсауға тырысқан 13 жастағылардың ішінде Елдар Үкібай (Қарағанды облысы) мен Маргарита Гордеева (ШҚО) 1600 метр мен 6 қосынды қарсыластарынан жылдам өтіп, алтыннан алқа тағынды. 2200 метр мен 7 қосынды бағындырған 15 жастағы оқушылардың арасында алаң иесі Алексей Лукаш (СҚО) мен Татьяна Церр (ШҚО) қарсыластарын артқа тастап, үздік атанды. Сайысты 17-18 жастағы бозбалалар мен бойжеткендер аяқтап, бұл сайыста 3200 метр мен 8 қосынды ойдағыдай артта тастаған спорт шебері Әсем Назырова (СҚО) топ жарды.

Ал бозбалалар соңғы 4000 метр қашықтықта бақтарын сынап, белгіленген 11 қосынды тапты. Бұл тапсырманы жерлес спортшы Руслан Нубаев (СҚО) үздік орындады.

Жарыстың қорытындысы бойынша эстафета бойынша солтүстікқазақстандық шаңғышы-бағдарлаушылар жеңіске жетті. Жалпыкомандалық есепте ШҚО құрамасы – бірінші, алаң иелері – екінші, ал алматылықтар үшінші орынды еншіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp