Шымкент қаласында саңырау мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан ел біріншілігі өтті. Оған 80-нен астам спортшы қатысты.
Сайыста өңір намысын қорғаған 2 жерлес спортшы, спорт шеберлері Александр Соловьев пен Рүстем Шөкеев жүлделі орындардан көріне білді. Атап айтқанда, Александр Соловьев 60, 200 және 800 метр қашықтықтарда алтыннан алқа тағынса, Рүстем Шөкеев 800 метр қашықтықта – бірінші, ал 400 метрде екінші болды.