Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Солтүстік Қазақстан адвокаттар алқасының адвокатын қолға түсірді.
Оған қылмыстық қудалау мәселесін оң шешіп беремін деп, өз қорғауындағы адамды алдап-арбау арқылы оның 25 мың АҚШ доллар көлеміндегі ақшасын иемденген деген айып тағылып отыр. Адвокаттың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің аса ірі көлемдегі алаяқтық жөніндегі 177-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот күдіктіні қамауға алу туралы санкция берді.
Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.