«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛБАСЫ ОРАЗ ӘБІШЕВТІҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ораз Әбішевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті қазақ кино өнерінің ардагері, ұлттық деректі киноның негізін салушылардың бірі Ораз Әбішевтің қайтыс болуына байланысты шын ниетпен көңіл айтты.

“Ораз Әбішұлының бүкіл өмірі кино өнерімен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастап ол түсірген ондаған деректі фильм ұлттық кино өнерінің алтын қорына қосылды. Ол көптеген шәкірт тәрбиелеп, сол арқылы өзіндік ұстаздық мектебін қалыптастырды. Оның қазақ өнеріне сіңірген еңбегі лайықты бағаланып, Қазақстанның халық әртісі атағымен және Мемлекеттік сыйлықпен атап өтілді”, – делінген жеделхатта.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp