«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАН және ИЗРАИЛЬ БАСШЫЛАРЫ КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қысқамерзімді демалысы кезінде Израиль Президенті Шимон Переспен жұмыс бабындағы кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Кездесу барысында екі елдің Көшбасшылары экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Соның ішінде агроөнеркәсіп кешені мен инновациялық технологиялар сияқты негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жайы қарастырылды.

Талқылау нәтижесі бойынша Мемлекет басшылары екі ел арасындағы серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту және мемлекетаралық ынтымақтастықтың ауқымын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp