Нұрсұлтан Назарбаев Рим Папасы Францискті Киелі Тақ Понтифигі лауазымына сайлануына байланысты көпұлтты Қазақстан халқының және жеке өз атынан шын жүректен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Рим Папасы Францисктің қызметі екі ел арасындағы ынтымақтастық пен сындарлы үнқатысудың одан әрі дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Соңында Мемлекет басшысы жарылқаушы миссия барша адамзаттың амандығы үшін атқарылып отырғанын атап өтіп, Рим Папасы Францискке және жалпы католик қауымдастығына бейбітшілік пен шапағат тіледі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы, Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы С.Цзиньпинді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы сессиясының сәтті өтуімен және Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтады.
Қазақстан Президенті бұл оның басқарушылық тәжірибесінің мойындалуы, ҚХР халқының әл-ауқатын арттыру және Қытай коммунистік партиясын дамыту жөніндегі қызметінің нәтижесі болып табылатынын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап көрсетті. Елбасы Си Цзиньпинге зор денсаулық және Қытай халқының игілігіне бағытталған қызметіне табыс тіледі.