«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРКІН СҰХБАТ ТҮРІНДЕ ӨТКЕН “ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” ХДП аудандық филиалында “Қазақстан – 2050” Стратегиясы мен жастар” тақырыбы төңірегінде “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. Оған қатысқан “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының “Жас Отан” ЖҚ атқарушы хатшысы Самат Жәкенов, қалалық мәслихаттың депутаты Владимир Витченко, “Жас ұлан” ҚБ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының атқарушы хатшысы Рүстем Есенбергенов аудан жастарымен кездесті.

Еркебұлан ЕЛУБАЕВ,

журналист.

Іс-шараны ашқан “Нұр Отан” ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Қазанов Елбасы Жолдауының арқауы да, орындаушысы да жастар екендігіне тоқталды.

– Қазіргі жастар Ұлт Көшбасшысының басты назарында. Өз кезегінде ол жас ұрпақ үшін қолайлы жағдай жасап отыр. Қазір – технологиялар дамыған заман. Қол қусырып отырмай, біз оны толық пайдалануымыз керек. Әр істе белсенділік танытып, алға қарай дамуды басты ту етіп ұстауымыз қажет. Туындаған мәселелердің шешімі болары сөзсіз. Тек оны бірге шешуіміз керек, – деген Самат Жәкенов “Жас Отан” ЖҚ облыстық филиалының өткен жылы атқарған жұмысына, 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарына тоқталды.

 

Келесі болып сөз алған Рүстем Есенбергенов “Жас ұлан” ұйымының 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқанын тілге тиек етті. Осы аралықта олар маңызды жобаларды жүзеге асырғанын айта келе ол болашақта да жастарды қолдау жалғасатынын атап өтті.

Жиын еркін сұхбатқа көшіп, жиналған жұртшылық келген қонақтарға көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Шараға қатысушыларға “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы жайы айтылды. Қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді. Көтерілген мәселелерге қарап аудан жастарын бос уақытын өткізу, шығармашылық үйірмелер мен жұмысшы жастар үшін спорттық секцияларды ұйымдастыру мәселесі толғандыратыны байқалды. Жиында қонақтар өз жұмыстарындағы тәжірибелерге сүйене отырып, аудан жастарына туындаған мәселелерді шешу бойынша бағыт сілтеді.

 

М.Жұмабаев ауданы.

Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp