«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҰЛЫ ҰРЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда белгісіз біреулер 7-сынып оқушысын ұрлап әкетті. “Дарын” мектеп-лицейінің оқушысы Сергей Семенченя мектептен үйіне келе жатқан бетінде із-түзсіз жоғалған. Осы фактіге орай СҚО ІІД-де брифинг өтті.

13 наурыз күні әйел адам баласының ұрланғандығы жөнінде полицияға шағымданған. Белгісіз азамат жасөспірімнің ұялы телефоны арқылы оның өгей әкесіне қоңырау шалған. Баланы үш ер адам ұстап отырғанын хабарлаған.

Сергейдің ата-анасы – жеке кәсіпкерлер. Айтуларынша, ешкімнің алдында берешектері жоқ, бірде-бір адаммен сөзге келген емес. СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары Думан Таев хабарлағандай, баланы ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp