«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕСКӨЛДЕГІ ЖАТТЫҒУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Юрий ГАЛЫГИН,  

СҚО бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім бастығы.

Қызылжар ауданының Бескөл ауылында бейбіт тұрғындарды ТЖ болған аймақтан көшіруді ұйымдастыру жұмысын пысықтау мақсатында облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзаланың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқармамен бірлесіп, оқу-жаттығу өткізді.  

Шара барысында облыстық департамент мамандары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыруға, басқару органдарының, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың күштері мен құралдарының тұрақты әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталған жаттығу үстінде Бескөл орта мектебінің оқушылары мен ұстаздарын қауіпсіз аймақтарға көшіру шаралары ұйымдастырылды. Сонымен бірге жапа шеккендерді қарсы алып, оларды қауіпсіз жерге орналастыру жүзеге асырылды.

Жаттығу барысында азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес бекітілген талаптарды орындау дайындығы пысықталып, әскерилер сақадай сай тәртіп пен жауынгерлік дайындық көрсетіп, адамдарды қауіпсіз жерлерге шоғырландыру жұмыстарына барынша дайын екендіктерін дәлелдеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp