Кемеңгер ӘМРИН,
“ЗТМО” РМҚК облыстық филиалының директоры.
Қазақстанда азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Қазақстан 1998 жылы ТМД елдерінің арасында бірінші болып, қатысушылардың арасында ортақтасусыз жинақтау қағидаттары негізінде құрылған жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізді. Бүгінгі күні Қазақстанда ынтымақтастық және де жинақтаушы зейнетақы жүйесі де әрекет етеді.
Ынтымақтастық зейнетақы төлемдері:
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы №136 Заңының 9-бабы 1-тармағына сәйкес орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау:
– еркектерге 63 жасқа толғанда;
– әйелдерге 58 жасқа толғанда.
Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:
1) еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 25 жыл еңбек өтілі болғанда;
2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде 20 жыл еңбек өтілі болғанда.
Егер еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға еркектерге 25 жылдан кем және әйелдерге 20 жылдан кем болса, онда зейнетақы толық емес еңбек өтілімен тағайындалады.
Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлеміндегі төлемдері Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек өтіліне бара-бар үлес ретінде есептеледі.
1-мысал: А. еркек: 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі: 22 жыл 5 ай.
Зейнетақыны есептеу үшін ұсынылған орташа айлық табысы – 40 000 теңге.
Есебі: еңбек өтілі 25 жыл (300 ай) – табысынан 60%;
22 жыл 5 ай (269 ай);
40 000 х 60% = 24 000;
24 000/300 х 269 = 21 520 теңге – есептелген зейнетақы мөлшері.
2-мысал: А. еркек: 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі: 22 жыл 5 ай.
Зейнетақыны есептеу үшін орташа айлық табысы ұсынылмаған – 0 теңге.
Есебі: еңбек өтілі 25 жыл (300 ай) – табысынан 60%;
22 жыл 5 ай (269 ай);
2013 жылға ең төмен зейнетақы мөлшері 19 066 теңге;
19066/300 х 269 = 17 096 теңге – есептелген зейнетақы мөлшері.
Сонымен бірге заңмен азаматтардың белгілі бір санаттары үшін зейнетке ерте (жеңілдікпен) шығу мүмкіндігі қарастырылған, атап айтқанда:
– Төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті өңірлерде 1949 жылғы тамыздың 29-ынан бастап 1963 жылғы шілденің 5-ін қоса алғандағы кезеңде кемінде 10 жыл тұрған азаматтар “Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсанындағы №1787-ХІІ Заңына сәйкес:
– еркектер – жалпы еңбек өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;
– әйелдер – жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы;
– 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер жалпы еңбек өтілі 20 жыл болып, 53 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы.
Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша зейнетақы алушылар саны 94453-ты құрайды, оның ішінде әйелдер – 66811 адам.
СҚО бойынша 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйел-зейнеткерлердің саны 10274 адам немесе жалпы зейнетақы алушы-әйелдердің жалпы санынан 15%.
Мысалы: М. әйел: 2013 жылғы 1 наурызда 53 жасқа толған.
5 бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген.
1998 жылғы 1 қаңтарға 22 жыл еңбек өтілі бар.
Зейнетақыны есептеу үшін табысы ұсынылмаған – 0 теңге.
Әйелге ең төмен зейнетақы тағайындалған: 19 066 теңге.
Сонымен қатар базалық зейнетақы: 9 330 теңге;
жиынтығы: 28 396 теңге.
Мысалы: С. әйел: 2013 жылғы 1 наурызда 53 жасқа толған.
5 бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген.
1998 жылғы 1 қаңтарға 19 жыл еңбек өтілі бар.
Зейнетақыны есептеу үшін табысы ұсынылмаған – 0 теңге.
Әйелдің зейнетақы алуға құқығы жоқ, себебі, заңның бір шарты орындалмаған, 20 жыл толық еңбек өтілі жоқ.
Әйелге жасына байланысты 8 149 теңге мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
Егер әйел 58 жасқа толса, бар еңбек өтіліне бара-бар үлес ретінде толық емес еңбек өтілімен жасы бойынша зейнетке ауысуға құқығы бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың құқығы бар:
1) еркектер – 63 жасқа толғанда;
2) әйелдер – 58 жасқа толғанда;
3) төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті өңірлерде 1949 жылғы тамыздың 29-нан бастап 1963 жылғы шілденің 5-ін қоса алғандағы кезеңде кемінде 10 жыл тұрған азаматтар “Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсанындағы №1787-ХІІ Заңына сәйкес:
– еркектер – жалпы еңбек өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;
– әйелдер – жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.
4) 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер жалпы еңбек өтілі 20 жыл болып, 53 жасқа толғанда;
5) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жинақталған зейнетақы қаражаты жеткілікті болғанда еркектер елу бес жасқа жеткенде және әйелдер елу жасқа жеткенде;
6) егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
7) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактiсiн растайтын Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
8) жинақтаушы зейнетақы қорында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Осылайша, жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған қаражаты жеткілікті болған жағдайда, әйелдер – елу жаста, ал еркектер елу бес жаста жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдеріне құқығы бар. Жинақталған зейнетақы қаражатының жеткілікті болуы дегеніміз, бұл ЖЗҚ-дан (жинақтаушы зейнетақы қорынан) зейнетақы төлемдерінің сомасы кесте бойынша сәйкес қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болуы мүмкін емес. Бүгінгі күні ең төмен зейнетақы мөлшері 28 396 теңге (19 066 + 9 330).
ЖЗҚ-дан кесте бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мерзімділігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.