Кембағал жандар арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан облыстық жеке біріншілік өтті. Оған Айыртау, Қызылжар және Ғ.Мүсірепов атындағы аудан мен Петропавл қаласынан 38 спортшы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан Еркебұлан Аманжолов (Петропавл), Жанел Сүгірбаева (Ғ.Мүсірепов атындағы аудан) топ жарды. Ал шахмат ойыны бойынша петропавлдық Анатолий Несмеянов пен Айнагүл Ташенова үздік атанса, Владимир Павлов пен Жаныл Хайрулина (Петропавл) дойбы ойынынан жеңімпаз атанды. Облыс орталығының тұрғындары Құрманғали Хұсайынов пен Галина Лыкова халықаралық дойбыдан қарсыластарын жеңіп, жеңіс тұғырына көтерілді.