Балаларда сөз ақауы айналадағылардың сөзін қабылдауы, сөздің фонематикалық, лексикалық және грамматикалық жақтары бұзылғанда байқалады. Бала егжей-тегжейлі түсіндіру арқылы өтініштің, тапсырманың қайта-қайта көрсетілуіне мұқтаж болады. Сөз дамуының кідірісі (СДК) бар бала “мама”, “папа”, “баба”, “дядя”, “ляля”, “няня” деген қайталанып келетін екі буынды алғашқы сөздердің, сондай-ақ “бер”, “мә”, “бар”, “кел” сияқты қозғаушы-бұйрықты алғашқы сөздерді айтуда қиналады. Мұндай балаларда қабылдау, зейін қою, есте сақтау, ойлау сияқты жоғары жүйке қызмет функциялары бұзылған, тез шаршағыштық байқалады: сабақтарда балалар бөгде шуылға оңай алаңдайды, есінейді, көздерін, құлағының ұшын уқалайды, денесімен тербеледі.
СДК бар бала жүйке ауруы дәрігерінің немесе бала психиатрының қадағалауымен логопед-мұғалімнің, педагог-психологтің кешенді психолого-педагогтік сүйемелдеуін қажет етеді.
Соңғы үш жылда СДК бар балалардың анықталуының жоғарылауы байқалады: 2010 жылы – 82 бала, 2011 жылы – 106 бала, 2012 жылы 84 бала анықталған. СДК бар бала жүйке ауруы дәрігеріне тексеріске жіберіледі, дәрілік ем қабылдайды, бір-бір жарым жыл логопедтің сабақтарына қатысады.
Монтессори әдістемесі логопед тәжірибесіне өзінің бірегей құрал-жабдықтарымен, сабақтың үшсатылы тәсілдерімен маңызды өзгерістер енгізді. Монтессори әдістемесін қолданғанда СДК бар балаларда іс-әрекеттерін сөзбен мотивациялау қалыптасады. Бейімділік кезеңі ахуалдық сөз қалыптастырудың дайындық кезеңі болып табылады. Практикалық өмірдің жаттығуларын пайдаланғанда СДК бар баланың эмоциясы өзгереді, сөз мотивациясы басым болады, оны жазбаша сөз бірінші болып тұратын, сабақтың таныстырылым деген өзгеше түрі қызықтырады. Алғашқы іс-әрекеттерін сөзбен білдіру қалыптасады. “Мә”, “бер” деген қозғаушы-бұйрықты сөздер қалыптасады. Сезіну тапсырмаларын меңгеру кезеңінде ойөрісінің қарқынды дамуына мүмкіндік ашылады. СДК бар бала “ананы бер”, “мынаны бер” деген екі сөзден тұратын жай фразаның, сөз тiркесiнiң қалыптасуына алып келген себептi-тергеулi қатынастармен танысады.
Бала бiр тапсырманы жиiрек таңдаса, зейiн қоюы, өзін-өзі ұстай білуі жоғарылай береді, қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгі жақсарып, ұсақ моторика жетiле түседі. СДК бар бала шығармашылық аймағында талғамды, қарындаш, ермексаз сияқты бұрыннан белгiлi заттарды жиiрек таңдайды. Бұл “Көмектес!”, “Көрсет!”, “Бұл не?”, “Қалай?”, “Қайда?”, “Бер!” деген сөздерді кенеттен айтуға әкеліп соқтырады. Сөздiң даму аймағында М.Монтессоридің үшсатылы сабағы аса тиiмдi. Сөздiк қорды байыту және байланыстырып сөйлеуді дамыту бойынша жұмыс өткiзіледi.
СДК бар балалар қосымша ынталандыруды қажет етеді, оларға бір мезгілде сезіну саласын дамытатын, сөйлеу және ойлау белсенділігіне жағдай жасайтын орта қажет. Бұл Монтессори бөлмесi болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отыра, Монтессори әдiстемесін білім беру жүйесіндегідей, денсаулық сақтау жүйесiнде де, логопедтер, түзетушi педагогтер, психологтер тәжiрибесінде де кеңінен қолдануды ұсынамын.
Гүлзат МАХМЕТОВА,
жоғары санатты логопед, қалалық балалар емханасының, “Петушок” бөбекжайының
Монтессори педагогі.
Петропавл қаласы.