«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МҰРАГЕРІМІЗ” МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыздың соңғы күндері мектебіміздің “Мұрагер” домбырашылар тобы Астана қаласында өткен республикалық “Көктем әуені” атты өнер сайысы-фестиваліне қатысып, аспаптық ансамбльдер арасында І орынға ие болды. “Хан шатыры” орталығында өткен сайысқа Теміртау, Екібастұз, Қостанай, Өскемен, Петропавл, Астана қалаларынан өнерпаздар қатысты.  

Құрамында 12 оқушы бар аспаптық ансамбльге мен және музыка пәні мұғалімі Жанар Ахметова жетекшілік етті. Фестивальда 17 ұжым өз өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынады. Барлық ұжымның жақсы дайындықпен келгені көрініп тұрды. Қорытынды концертке 13 ұжым қатысты. Өнерпаздардың жас ерекшелігі мен өнер түріне байланысты жүлделі орындар берілді. Біздің домбырашылар тобы ерекше орындау шеберлігімен көзге түсіп, І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Әр оқушыға мақтау қағазы мен “Еуразия жүрегінде” атты Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы сыйланды. Сонымен қатар жетекшілерге Алғыс хат табысталды.  

“Мұрагер” домбырашылар тобы мамырдың 27-сі мен маусымның 1-і аралығында өтетін халықаралық өнер сайысына жолдама алды. Онда оқушылар мектебіміздің, қаланың және облысымыздың намысын қорғайтын болады.

Астана қаласында өткен республикалық “Көктем әуені” атты өнер сайысы-фестиваліне қатысуымызға қаржылай демеушілік көмек жасаған “Аккумуляторный мир” орталығының директоры Талғат Ахметовке және балаларға жағдай жасаған ата-аналарға алғысымыз шексіз.

Шынар ТЕМІРХАНОВА,

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp