«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ оқушылар ынтасын арттыруға ұмтыламыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Бүгінгі жас ұрпақтың алдына әлемдік стандартқа негізделген білім алу жауапкершілігі тұр. Осы орайда оқытудың әртүрлі жаңа технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енгізілуде. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зияткерлік кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Менің жұмысыма өзгеріс енгізген, ата-аналармен ынтымақтаса жұмыс істеуіме ықпал еткен – “Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасы.

Сабақтың қызығушылықты ояту кезеңі оқушылардың бұрынғы білетіні мен жаңа білімін ұштастырады. Оқушының белсенділігін, ынта-жігерін арттырады. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазып, жұбымен, тобымен талқылайды, осылайша ойын шыңдауға мүмкіндік туады. Менің басты мақсатым – оқушыларға бағыт беру, өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік танытуына жағдай жасау. Сабақта “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Автор орындығы”, “Эссе”, “Семантикалық карта” стратегияларының лайықтысын таңдаймын. Осы тұста әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Сабақ соңында оқушылармен жүргізілетін “Не үйрендік? Қандай сұрағың бар? Сенің пікірің?” сұрақтары төңірегінде ой қозғау жақсы нәтижелерге жетуге көмектеседі. Оның арқасында оқушылар сенімділікпен жұмыс істейді, бар ынтасымен оқуға беріледі, пікірлерді тыңдап, құрметтейді, өз ойын ашық білдіре алады, қандай сабақта болсын қорытынды ой-пікірін өмірде болатын іс-әрекеттермен байланыстырып, орын алған оқиғалармен салыстырып, еркін айтады.

 

Өзім еңбек етіп жүрген Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде педагогикалық жаңалықтардың тасқыны тұсында білім беруді жаңғырту ісін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін мұғалімдер қауымының жаңа сұраныстарына жылдам жауап беру миссиясын өзгертуге талпыныс жасап, барлық мүмкін жағдайлар жасалуда. Осы тұрғыда мектепте әртүрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Атап өтсем, менің 4-сыныбымда “Ағылшын тілі”, “Шабыт”, “Би”, спорт пен суретке бейімдейтін үйірмелер оқушылардың шығармашылықтарын жан-жақты дамытады. “Шабыт” үйірмесін сыныбыммен аптасына екі рет өзім жүргіземін. Бұл үйірмеде оқушылар көріністерді рөлдеп, мәнерлеп оқуға, ән айтуға, өздері құрастырған ертегі, өлеңдерін көрерменге ұсынуға шыңдалады.

Бастауыш сынып оқушылары өздері таңдаған тақырыптары бойынша ғылыми жұмыстар жазып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олар кішкентай ғалым да болып көреді. Интернет-портал арқылы халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орын жеңімпаздары болды.

Елбасымыз көтеріп отырған мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше көңіл бөлеміз. Мектеп әр этностың балаларына білім-тәрбие алатын ұлттық өркендеу мектебі болғандықтан, қазір бізде “Қазақ тілі” үйірмесі жұмыс істейді. Бұл үйірмеге барлық этнос өкілдерінің оқушылары зор қызығушылықпен қатысады. Сонымен бірге мемлекеттік тілде оқитын оқушылар да үйірмеге қатысып, тіл шеберліктерін дамытады. Оның нәтижесі ретінде “Балалық шақ досы” Интернет-порталға өздерінің ертегілерін жіберіп, “Ертегілер елінің тілшісі” атты куәліктерге ие болып жүргенін айтуға болады. Мектепке ұстаздар тегін түрде ашылған “Ағылшын тілі” үйірмесіне қатысады.

Жаңыл ИСИНА,

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің бастауыш сынып мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp