Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ел біріншілігі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды алматылықтар, екінші және үшінші орынды шығысқазақстандықтар мен солтүстікқазақстандықтар жеңіп алды.
Оған қатысқан өңір желаяқтары 13 медаль жеңіп алды. Жекелей сында 5000 метрге жүгіргендер арасынан Виктория Рыжикова өзінің шын жүйрік екенін дәлелдеп, мәре сызығын бірінші болып кессе, Сайлау Теміртасов екінші орынды жеңіп алды. Лада Фомина 3000 метр қашықтықты 10.58,3 секундта бағындырып, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ тағы бір жерлес спортшы Анна Пяткина 20 шақырымдық марафонды 1 сағат 23 минутта өтіп, күмістен медаль еншіледі. Дискіні 43 метр 20 сантиметрге лақтырған Никита Воробьев үздік атанса, Самат Бейсенов – екінші, ал Максим Исаев үшінші орынға тұрақтады. Дмитрий Гарагуль найза лақтырудан үздік нәтиже көрсетіп, ел чемпионы атанса, ал Анжелика Афанасьева екінші орынға ие болды. Балға лақтырудан Анастасия Саромотина екінші орынды иеленді.