«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тәңірдің тылсым күші

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Тоқтар ЗІКІРИН,

Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі.

 

 

Болмас сірә,

Ғаламшарға таңғалмай,

Өзегіне от тығылып қалғандай.

Жанартаулар жойқын күшпен

от шашып,

Бұлқынады,

Қорықпай көр, қорғанбай!?

Құрлықта да,

Мұхитта да зілзала,

Қозғалмайтын Арктикалық

мұз ғана.

Сілкіністен құрлықта

аман отырған,

Батыс Сібір ойпатында біз ғана.

Қорқыныш бұл,

Қашыратын ұйқыңды,

Бастан кешкен түсінеді бұл күйді.

Алматыны зәрезап қып бүгінде,

Әлсін-әлсін үш-төрт

балмен сілкиді.

Оқыс жетіп,

опық жейтін талайы,

Тәңірдің бұл тылсым

күші жабайы.

Сілкінісі цунамиге ұласқан,

Қорқады одан Тынық мұхит

маңайы.

АҚШ-тың да,

жоқ қой оған амалы,

ара-тұра қағып-сілкіп алады.

Дауылдары таудай

толқын туғызып,

Талай рет долы теңіз сабады.

Ява аралын талқан ете жаздаған,

Индонезияда жапа шеккен аз ба

адам?

Тоғыз балдық,

тіпті одан да жоғары –

Сілкіністер жер қыртысын

қозғаған.

Адыра қап алдын алған

сан шара,

Жапондарға қайғы әкелді

қаншама?!

Қырық жылдай қорқып өмір

сүреді-ау,

Фукусима әзір аман қалса да.

Тылсым Тәңір талай әлі ұсынар,

Тереңінде бұғып жатқан күші бар.

Жердің осы қаһарынан сақтасын,

Қатуланса бәрін көкке ұшырар!?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp