«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХИМИЯ ҒАЖАПТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Құпия жазу”

Қағазға күкірт қышқылының ерітіндісімен бір сөздер жазып қой. Әншейінде ол көрінбейді. Егер оны спирт жалынына 15-20 сантиметрдей жерден қыздырса, қап-қара жазулар пайда болады. Өйткені, күкірт қышқылының белсенділігі қыздырғанда артып қағазды күйдіреді.

“Сиқырлы орамал”

Әуелі кәдімгі орамалды суға малып, содан кейін ацетонмен жу. Бұл оған ерекше қасиет береді екен. Егер де сен осы орамалды өртесең, ол лаулап жанады. Біраз уақыт жанғаннан соң сөндірсең, сөнеді. Алайда, бір қызығы орамал ешбір зақымсыз қалады. Мұның себебі, орамал емес, орамалдағы ацетон жанады екен.

 

“Жоғалған жазу”

Крахмалды йодпен араластырып, ерітінді әзірлеу керек. Онымен қағаз бетіне жазу жазып қой. Содан соң жұртқа оқыт. Аздан кейін жаңағы жазуды спиртпен қыздыр да, жазуды шүберекпен сүрт. Сонда әлгі жазу жоқ болып кетеді. Неге?

“Жанбайтын мата”

Кәдімгі матадан кішкене дорбаша тігіп, ішіне он шақты 5 тиындық бақыр салып қой. Содан соң көрушілер алдында әлгі дорбашаны спирт жалынына тигіз. Сонда дорба жанбайды. Өйткені, жұқа дорба жылуды тиынға тез жеткізеді. Ал мыс теңге жылуды өз бойына тез жиып, матаның күюіне жол бермейді.

“Суретші үтік”

Бір тарақ қағаз дайындап ал. Оның реңі алқызыл болсын. Енді хлорлы кобальт тұзын суға ерітіп даярла. Кәдімгі суретшілердің қаламын пайдаланып жаңағы қағаздың бетіне сиямен кісінің суретін сал. Жұртқа қағазды көрсетіп, онда ештеңе жоқ екенін айт. Содан кейін оны ыстық үтікпен қыртысын жазған болып, үтікте. Сонда қағаз бетінде көгілдір сызықты сурет пайда болады. Өйткені, хлорлы кобальт тұзы кепкенде қағазға сіңіп, көгілдір бояу береді. Міне, дәл осы негізде сырлы ыдыстар мен шыны аяқтарға мөр басылады екен.

Қырғыз МҰСАБАЕВ,

зейнеткер, химик.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp