«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қалай енді түзеледі көш жүріп?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Тоқтар ЗІКІРИН,

Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі.

 

 

Жастар кетіп, кәрі-құртаң қалғалы,

Азайтты ауыл шілдехана, қалжаны.

Мектептегі бала саны азайды,

Тығырыққа тіреп отыр ол дағы.

Көгендегі қозы-лақпен ойнаған,

Ал немесе “Ата қашан қой бағам?” –

дейтұғындай бала қалмай барады,

шынымды айтсам, соған қатты ойланам?!

Асық тіккен тақыр жерге шөп өсті,

Қора-қопсы, үй біткеннің бәрі ескі.

Су алатын құдық қаңсып қалыпты,

Ауыл жүдеу, болашағы көмескі.

Қыр астынан тұратұғын естіліп,

Азан-қазан шуы да жоқ кешкілік.

Ауылды ойлап, ауыр мұңға батамын,

Қалай енді түзеледі көш жүріп?!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp