«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қалай тәубе қылмасқа

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Тоқтар ЗІКІРИН,

Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі.

 

 

Тоба демей, тәубе демей,

Таңды қалай атырасың.

Құр бекерге кеуделемей,

Дәтке қуат шақырасың.

Тоба, тәубе – Тәңірінен,

Жаңылмаса жан адам.

Бір Алланың әмірімен,

Сәуле табар санадан.

Бастамаған, бітірмеген,

Барлық іске тоба қып.

Тәубең осы шүкірменен,

Астасады – ол анық.

Шүкір сөзі тобасы бар,

Тоқ көңілден шығады.

Жақсылыққа жан асығар,

Жанады өмір шырағы.

Дүниеде көп мейір,

Жетеді ғой бір басқа.

Тірлігіңе тоқмейіл,

Қалай тәубе қылмасқа!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp