«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРАҒАНДЫДА ДА, ҚЫЗЫЛЖАРДА ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарағандыда көркем гимнастикадан ел кубогы сарапқа салынды. Жарыс қорытындысы бойынша облыс құрамасы бірінші орынды алматылықтармен бөлісті.  

Бәсекелі сайыстың қорытындысы бойынша қыздар арасында Виктория Переверзева, Тамара Бурлакова, Полина Мудрова, Екатерина Завацкая, Надежда Курочкина, Аделия мен Гилана Тұяқовалар, Карина Кұрымбаева, Дарья Шапкина, Олеся Колышева және Валерия Швец бірінші орынды иеленді. Ал Екатерина Завацкая жекелей сында 3-орынды олжалады.

Ал Петропавл қаласында көркем гимнастикадан өткен облыс біріншілігінде жергілікті спортшылар үздік атанды. Аталмыш сайыста Көкшетау, Степногорск және Петропавл қалаларынан жалпы 100-ден астам спортшы жеке және топ бойынша өнер көрсетті.

Жекелей сында Юлия Ширина, Вероника Кравченко, Сәбина Мұқажанова, Глория Шополева, Арай Нұртаева, Әйгерім Қайырбай, Александра Глухова, Олеся Колышева, Надежда Курочкина, Елизавета Завацкая мен Виктория Переверзева чемпион атанды.

Сөйтіп, облыстық ашық чемпионаттың қорытындысы бойынша жеке және топ болып өнер көрсеткен жерлестеріміздің бәрі үздік атанды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp