«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫС ҰЗАРЫП БАРАДЫ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,

Қазақстан Жазушылар

одағының мүшесі.

Наурыз туды, ал бірақ –

Көктем шырай бермей тұр.

Қыстан әбден қалжырап,

Көңіл хошы келмей тұр.

Қар да биыл қап-қалың,

Тегіс жапқан даланы.

Жел үрлеген оппаның,

Басылмай тұр бораны.

 

Жатып қалды-ау қыс құда,

Күтеді жұрт көктемді.

Қасарысып, қыстыға,

Қайтар райдан жоқ белгі.

Түнде аязы қысады,

Күндіз де бар ызғары.

Шегінбей тұр қыс әлі,

Сөгілместен мұз-қары.

Тосын жағдай, ғажайып –

Көктем лебі жоқ әлі.

Отын мен шөп азайып,

Көңілге үрей қонады.

Алыстатып көктемнен,

Жаңылдырып сананы.

Қалың қарға бөктерген,

Қыс ұзарып барады…

Наурыз туды демесең,

Әлі аязы ақпандай.

Өткен жылғы кібісем,

Есесін ап жатқандай?!

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp