«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ КӨРСЕТКЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КӨЛЕМІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жалпы білім беру ұйымдары көрсеткен қызметтердің айтарлықтай көлемін (93,6%-ын) мемлекеттік ұйымдар жасады.  

2012 жылғы төртінші тоқсанда облыс бойынша жалпы білім беретін 815 ұйым жұмыс істеді. Облыстың білім беру ұйымдарының негізгі қызмет түрі бойынша көрсеткен қызметтерінің көлемі 9633,5 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда білімдік қызметтердің көлемі 2,8%-ға өсті.

Білім беру аясындағы қызмет көрсетудің негізгі көзі бұрынғыдай бюджет қаражаты болып, жалпы қызмет көлемінің 91,5%-ын құраған. Халықтан түскен қаражат есебінен төленген қызметтер үлесі 7,9%-ды құрады, қалған бөлігі, 0,6%-ы кәсіпорындар қаражаты есебіне келеді.

Жоғары үлес салмақты жалпы және орта білім беру саласындағы қызметтер алады, олардың көлемі 5018,5 млн. теңге немесе қызметтердің жалпы көлемінің 52,1%-ы. Облыста бастауыш білім беру саласында – 1009,8 млн. теңге (10,5%), мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру сала-сында – 991,9 млн. теңге (10,3), техникалық және кәсіптік орта білім саласында – 988 млн. теңге (10,3). Жоғары білім беру саласында 961 млн. теңге (10%) сомаға қызмет көрсетілді.

Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp