«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ ҮЛЕСТЕРІҢІЗДІ ҚОСЫҢЫЗДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұдан бұрын айтылғандай, Қаржы полициясы агенттігі Елбасының заңнаманы жетілдіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы тапсырмасын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, жолын кесу және жазалау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасын жасауда.

Қаржы полициясы агенттігі төрағасының тапсырмасы бойынша ведомство аталған заң жобасын жасауға қоғамдық ұйымдар мен азаматтарды олардың ұсыныстарын жинау арқылы кеңінен тартуға ниетті.

Ол үшін агенттіктің www.finpol.kz ресми сайтында 2 сәуірден 10 сәуірге дейін “Халықтық құқық шығармашылық” атты бөлім жұмыс істейтін болады. Аталған бөлімге әрбір азамат өзінің ұсыныстарын көрсете отырып, хабарлама қалдыра алады.

Әрбір ұсыныс қарастырылады, олардың өзектілері жұмыс тобының талқылауынан кейін “Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту арқылы алдын алу, ескерту, жолын кесу және жазалау жүйесін жетілдіру бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы” Заң жобасына енгізілетін болады.

Құрметті отандастар! Шет қалмаңыздар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлестеріңізді қосыңыздар!

Қаржы полициясы облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp