«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР КІНӘСІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің 2013 жылғы 26 ақпандағы №24 санында журналист Ербақыт Амантайұлының “Үш рет өртенген үй” мақаласы жарық көріп, онда Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы Зеленая көшесі бойында орналасқан 32-үйде өрт сөндірілгендігі туралы ақпарат берілген болатын.  

Алайда, бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін хабарлаймыз. СҚО бойынша сот сараптамасы институтының жетекші сарапшысы Айман Жаныбаева аталмыш ауылда болған оқиға орнына, өрт себептеріне сараптамалық талдау жүргізді (сарапшының №326 қорытындысы бар). Соның нәтижесі көрсеткендей, өрт сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет мамандарының әрекеттерінде ешбір заң бұзушылық анықталған жоқ.

Электр жарығын беру тоқтатылған кезде қайта тұтануы мүмкін, өйткені, өрттің пайда болу себебі отты пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаудан, жылыту және технологиялық қондырғыларды пайдалану ережелерін бұзу және олардың жарамсыздығынан, әдейі өртеуден, заттар мен материалдардың өздігінен өртенуінен, жарылыстан, найзағай салдарынан, статистикалық электрден және тағы басқаларынан болуы мүмкін. Тұрғындар өз баспаналары мен қорақопсыларының өртке қарсы қауіпсіздігіне қырағылықпен қарау керектігін тағы да еске салғымыз келеді. Өрттің пайда болуына өртсөндірушілердің еш кінәсі жоқ, олар өз міндеттерін орындау кезінде өмірлерін тәуекелге тіге отырып, тек адамдардың немқұрайдылығы салдарынан орын алған өрт оқиғаларымен күреседі.

СҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз орталығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp