Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу жариялайды.
Кандидаттарға біліктілік талаптары:
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 1-санатының бірінші тобы бойынша:
1) жеті жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе мемлекеттік органдарда немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінде басшылық немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында (В-2, С-2, С-О-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес), немесе А-1 санатындағы лауазымдарда үш жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;
2) немесе алты жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы тармақтың 1) тармақшасында аталған лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі талап етіледі.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 1-санатының екінші тобы бойынша:
1) бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе мемлекеттік органдарда немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінде басшылық немесе олардың орынбасарлары лауазымдарында (В-3, С-3, С-О-2, D-2, D-O-2, Е-2 санаттарынан төмен емес), немесе А-1, А-2, А-3 санаттарындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;
2) немесе бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдарда басшылық лауазымдарда төрт жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі*;
* Мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдарда басшылық лауазымдарға:
1) мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардың (кіші кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын ұйымдарды қоспағанда) басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің департаменттері мен дербес басқармаларының басшыларының немесе филиалдарының басшыларынан төмен емес;
3) ұлттық басқару холдингтерінде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында департаменттер басшыларынан төмен емес лауазымдар жатады.
3) немесе төрт жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы тармақтың 1) тармақшасында аталған лауазымдарда бір жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі талап етіледі.
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 2-санаты бойынша:
мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, құқық саласында жеті жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі талап етіледі.
«А» КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ 3 КЕЗЕҢДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына талаптарына сәйкестігін қарау;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасайтын кестеге сәйкес кандидаттарды тестілеу;
3) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларының және Ұлттық комиссияның жұмыс органдары жасайтын кестелерге*** сәйкес кандидаттармен әңгімелесу.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған не заңнамада белгiленген өзге де тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;
5) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері, таныстықтың, ынтымақтастықтың ұзақтығы мен жағдайлары және тағы да басқалары көрсетілген, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатқа қатысты лауазымды адамның немесе лауазымды адам жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде кемінде бір ұсыным хат*
6) өз қолымен толтырылған өмірбаян;
7) кандидаттардың кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар, оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілін меңгеру деңгейін айқындайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификаттардың көшірмелері.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса, кандидатқа «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатыстырудан бас тартылады.
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫ 2013 жылғы 3 сәуірден бастап 2013 жылғы 3 мамырға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүзеге асырады.
Кандидаттардың көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.
ҚҰЖАТТАР қолма-қол, пошта: 010000, Қазақстан, Астана, Абай даңғылы, 33а,1601,1509-кабинет немесе электрондық пошта арқылы: kyzmet_a@kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша қабылданады.
Құжаттар қабылданғанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат, оның ішінде электрондық түрде беріледі.
Құжаттар электрондық почта арқылы жіберілген жағдайларда, кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛҒАНҒА ДЕЙІНГІ ҮШ САҒАТТАН КЕШІКТІРМЕЙ ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда кандидат тестілеуге жіберілмейді.
Толық ақпаратты 8 (7172) 75 35 85, 75 32 21, 75 35 34, 75 34 23, 75 35 31, 75 34 57 телефондары бойынша, агенттіктің интернет-ресурсында: www.kyzmet.gov.kz алуға болады.
Ескертпе.
** ұсынымхатты:
мемлекеттік саяси қызметшілер;
Қазақстан Республикасы Сенаты, Мәжілісі депутаттары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың мәслихат хатшылары;
лауазымға Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен не Ұлттық комиссия жасақтаған «А» корпусының кадр резервінен тағайындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері;
Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының келісімімен тағайындалатын (Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы №828 Жарлығы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі №784 Қаулысы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы №376 қаулысымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесіне сәйкес ұлттық компанияның, ұлттық холдингтің, ұлттық даму институтының басқарма төрағалары береді.
*** Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік лауазым атқаратын кандидаттар әңгімелесуден өтеді.
Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар әңімелесуден облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында тіркелген жері бойынша өтеді.
Кандидаттар облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында әңгімелесуден өткеннен кейін Ұлттық комиссияда оның жұмыс органы жасаған кестеге сәйкес әңгімелесуден өтеді.
Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту кезінде облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларының ұсыныстары қосымша ақпарат ретінде қаралады.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатпен әңгімелесу парағы нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға А. БАЙМЕНОВ.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2013 жылы 1 сәуірде №8396 болып тіркелді.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу жариялайды.
Кандидаттарға біліктілік талаптары:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 1-санатының бірінші тобы бойынша:
_______________________________________________
_______________________________________________
______________________________________________;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 1-санатының екінші тобы бойынша:
_______________________________________________
_______________________________________________
______________________________________________;
3) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарының 2-санаты бойынша:
_______________________________________________
_______________________________________________
______________________________________________.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу 3 кезеңде жүзеге асырылады:
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау және олардың «А» корпусының лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкестігін қарау;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасайтын кестеге сәйкес кандидаттарды тестілеу;
3) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссияларының және Ұлттық комиссияның жұмыс органдары жасайтын кестелерге** сәйкес кандидаттармен әңгімелесу.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариат не жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған не заңнамада белгiленген өзге де тәртiппен куәландырылған көшiрмесi;
5) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты, кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері, таныстықтың, ынтымақтастықтың ұзақтығы мен жағдайлары және тағы да басқалары көрсетілген, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидатқа қатысты лауазымды адамның немесе лауазымды адам жұмыс істейтін ұйымның бланкісінде кемінде бір ұсыным хат*
6) өз қолымен толтырылған өмірбаян;
7) кандидаттардың кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттеріне қатысты өзге де құжаттар, оның ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаттардың, шет тілін меңгеру деңгейін айқындайтын кәсіби емтихан нәтижелері туралы сертификаттардың көшірмелері.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса, кандидатқа «А» корпусының кадр резервіне іріктеуге қатыстырудан бас тартылады.
Құжаттарды қабылдауды:
20____ж. «____»___________бастап.
20____ж. «____»___________дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жүзеге асырады.
Кандидаттардың көрінеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.
Құжаттар қолма-қол, пошта немесе электрондық почта арқылы:__________________________________________
(мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның почта және электронды почта мекенжайы көрсетіледі)
мекенжайы бойынша қабылданады.
Құжаттар қабылданғанда кандидатқа олардың тіркелгені туралы қолхат, оның ішінде электрондық түрде беріледі.
Құжаттар электрондық пошта арқылы жіберілген жағдайларда, кандидаттар құжаттардың түпнұсқаларын тестілеу басталғанға дейінгі үш сағаттан кешіктірмей ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда кандидат тестілеуге жіберілмейді.
Толық ақпаратты __________________________________________
(Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қала _________________________________________________
коды және телефондары мен факс нөмірлері көрсетіледі)
телефондары бойынша, агенттіктің интернет-ресурсында
______________________ алуға болады.
(Интернет-ресурс көрсетіледі)
Ескертпе.
* ұсынымхатты:
мемлекеттік саяси қызметшілер;
Қазақстан Республикасы Сенаты, Мәжілісі депутаттары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың мәслихат хатшылары;
лауазымға Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен не Ұлттық комиссия жасақтаған «А» корпусының кадр резервінен тағайындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері;
Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының келісімімен тағайындалатын (Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы №828 Жарлығы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі №784 Қаулысы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы №376 қаулысымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесіне сәйкес ұлттық компанияның, ұлттық холдингтің, ұлттық даму институтының басқарма төрағалары береді.
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік лауазым атқаратын кандидаттар әңгімелесуден өтеді.
Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар әңгімелесуден облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларында тіркелген жері бойынша өтеді.
Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өту кезінде облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті кадр комиссияларының ұсыныстары қосымша ақпарат ретінде қаралады.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш
Мен, _____________________, ЖСН ______________
(Т.А.Ә. толығымен)
Мені «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне ____________________________________
(бірінші санаттың бірінші немесе екінші тобы не
екінші санаты көрсетіледі)
іріктеуге қатыстыруыңызды сұраймын.
Мен:
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді;
«Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарымен танысқанымды;
мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін, сондай-ақ «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидат ретінде маған кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін;
өзім ұсынған құжаттар мен деректердің шынайылығын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың көрсетілгенін;
мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидат ретінде маған кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;
өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынуым фактілерінің анықталуы мені «А» корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шеттетуге, кадр резервінен шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;
өзімнің жекелеген жеке деректерімнің (Т.А.Ә., тұратын жерім, ағымдағы жұмыс орным, атқаратын лауазымым, «А» корпусының лауазымдар тобы және санаты) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынымен келісетінімді мәлімдеймін.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1. _______________________________________________
2. _______________________________________________
3. _______________________________________________
4. _______________________________________________
5. _______________________________________________
6. _______________________________________________
7. _______________________________________________
Байланыс деректері:
Қаланың коды, телефон __________________________
Ұялы телефон __________________________________
Тұратын жерінің мекенжайы (пошта мекенжайы): _____
______________________________________________
Тіркелген жерінің мекенжайы: _____________________
Электронды адрес: ______________________________
______________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
20__ ж. «____»_______________
Қазақстан Республикасы