«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫТ ТАСМАҒАМБЕТОВА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Достық үйінде “Тіл – барлық білімнің кілті” атты республикалық байқаудың облыстық кезеңі өтті.  

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Мемлекеттік тілде оқитын 14-20 жас аралығындағы үміткерлер қатысқан байқау орыс тілінің білгірлерін анықтауға арналды. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма мен “Қазақстанның орыс қауымы” қоғамдық бірлестігінің филиалы бірлесе ұйымдастырған шараға аудандық және қалалық кезеңдердің 13 жеңімпазы қатысты.

Байқау үш аталым бойынша өткізілді. Бірінші аталымда үміткерлер 20 сұрақтан тұрған лексика-грамматикалық тестіні 30 минуттың ішінде орындаулары тиіс болды. Бұл айналымда Мамлют ауданындағы Покровка орта мектебінің оқушысы Нұрболат Нұрмолдин үздік көрсеткіш көрсетіп, “Тест жұмыстары шешімін үздік табушы” аталымын жеңіп алды. Үміткерлердің жазбаша және ауызша білімдерін тексеру үшін екінші аталымда үміткерлер белгілі бір тақырыпқа эссе жазып, жұп бойынша диалог құрды. Үміткерлер арасынан қиялы жүйрік, сөзге шешені Иман Тарахи болды. Ол Тимирязев ауданының намысын қорғап, “Сөз шебері” атанды. Үй тапсырмасына сәйкес қатысушылар кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқыды. Бұл аталымда №2 Пресновка орта мектебінің оқушысы жамбылдық Сәния Сансызбаеваның бағы жанды. Ол “Мәнерлеп оқу шебері” атанды.

 

Бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан аталмыш байқаудың өткен жылғы жеңімпазы №2 Пресновка орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әйгерім Ақылбайқызы болған еді. Ол 2012 жылы қыркүйек айында Астана қаласында өткен республикалық байқауға қатысып, бірінші орынға ие болғанды. Бұл жолы республикалық кезеңде өңіріміздің намысын Бақыт Тасмағамбетова қорғайтын болды. Ол сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды иеленді. Бақыт – М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің оқушысы. Екінші орынға екі бірдей үміткер жайғасты. Бірі – Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушысы Нұрәсем Кәригүл болса, екіншісі – Рублевка орта мектебінің оқушысы Рәзия Молдағалиева. Тайынша ауданы орталығының №5 орта мектебінің оқушысы Әсет Ахметов, Уәлиханов ауданы Бидайық орта мектебінің Анель Қазыбекова есімді оқушысы және шалақындық Жанар Жақсыбаева үшінші орынды місе тұтты.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp