«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ – АР-ҰЯТҚА СЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

 

2013 жылдың басынан облыстық Сот актілерін орындау департаментінің алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімінің орындауында Петропавл қаласы бойынша 3 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізу болды. Алименттер бойынша жалпы берешектер 72 миллион теңгені құрады, қазіргі уақытта олардың 4 миллион теңгеден астамы өтелді.

 

“Алимент – бұл сенің балаңның болашағы!” атты акция аяқталды.

Акция барысында алименті бойынша борышкерлермен еңбек қатынасы бар кәсіпорындар бухгалтериясына тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 16 бухгалтер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еңбек қатынасында борышкерлер тұрған қала ұйымдарының бухгалтериясына еңбекақысы төлемінен алименттерін ұстау үшін 172 атқарушылық құжат жіберілді. Петропавл қаласының №2 сотына борышкерлердің ҚР-нан тыс жерлерге шығуына уақытша тыйым салуын санкциялауға 54 қаулы жіберілді, олардың 8-і қанағаттандырылды. Алимент төлемдерінен жалтарғаны үшін 6 адамға іздеу жарияланды.

Алименттерін қасақана төлемей жүрген борышкерлер бойынша сот орындаушылары БАҚ өкілдерімен бірлесіп рейдтік шаралар өткізді. Алимент төлемі проблемасына жұртшылықтың назарын аудару үшін баспасөз беттерінде қасақана борышкерлер тізімі және мақалалар жарияланды.

Облыстық сот актілерін орындау департаментінің

баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp