«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОЛИЦИЯМ” КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО Ішкі істер департаменті мектеп оқушылары арасында “Менің қазақстан-дық полициям” тақырыбында облыстық шығармалар конкурсын өткізеді.

Сайысқа облыс орта мектептерінің 5-11-сынып оқушылары қатыса алады. Шығарма көлемі бір беттен аспауы тиіс, жанрды (мазмұндама, шығарма, өлең) автордың өзі таңдайды. Материалға қоса автордың фотосуреті, қысқаша өмірбаяны туралы мәліметтер, сонымен қатар ата-анасының мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, мекенжайы, үй немесе жұмыс телефоны) берілуі тиіс. Шығарма-лар қазақ және орыс тілдерінде қабылда-нады. Жұмыстар рецензияланбайды және авторға кері қайтарылмайды.

Конкурс қорытындысы бойынша же-ңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сайысты өткізу мерзімі – 2013 жылдың сәуір-шілде айлары. Оның қорытындысы бойынша үздік атанған шығармалар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияла-нады.

Шығармаларды пошта арқылы мына мекенжайға жолдауға болады: 150000, Петропавл қ., Алматы көшесі, 55-үй, кадр жұмысы басқармасы, 316-кабинет. Анықтама телефоны: 61-26-41

СҚО ІІД-нің кадр жұмысы басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp