«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“САБАҚТАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТИІМДІЛІГІ” тақырыбындағы семинар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Майра ЖҮСІПОВА,

тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалық №23 орта мектептің эксперименттік алаңының бастауыш сынып мұғалімі.

Еңбек жолын жаңа ғана бастаған жас мамандар әдістемелік көмекке мұқтаж. Теория мен тәжірибені байланыстыра білу – жас ұстазға ауырлау келеді. Сондықтан облыстық білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының мамандары әр ауданнан жиналған жас мамандарға семинар өткізіп, бағыт-бағдар беріп, жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудың түрлерін көрсетті.

Семинар “Сабақтағы жаңа технологиялардың тиімділігі” тақырыбына арналды. Оған 13 ауданнан жас мамандар қатысты. “Талай рет естігенше, бір рет көрген артық” дегендей, жас мұғалімдердің өткізілген сабақтардан алған әсерлері көп болды. Оны ұстаздардың сабақты талдағандағы пікірлері де нақтылай түсті.

Ұстаз шеберлігін арттыруда мамандар арасындағы өзара көмек, сенім мен серіктестіктің де тиімділігі зор. Бұл ретте іс-тәжірибелері жоқ жас мамандарға әдістемелік көмек, кеңес беріп, көпжылдық тәжірибе жинақтаған ұстаздардың шеберлігімен танысуға үлкен ықпал жасап жүрген білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскерлері Гүлнара Өмірбаева мен Гүлмайда Мүсетаеваның еңбектерін атап өту орынды. Олар жас мамандардың болашаққа деген сенімін арттырып, біліктілік шеберлікті жетілдіруде ақыл-кеңестерін аямайды. “Жас мамандар мектебі” семинарларын жиі ұйымдастырып, әртүрлі пән мұғалімдерінің арасында бүгінгі талапқа лайық сабақ үлгілерін көрсетуді дәстүрге айналдырды. Біздің білім ошағы негізінде ұйымдастырылған “Жас мамандар мектебі” сәуір айында қазақ және орыс тілінде оқытатын бастауыш сыныптардың мұғалімдеріне арнап семинарлар, ашық сабақтар, “дөңгелек үстелдер” өткізуді жоспарлап отыр.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp