«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРАҒА ТҮСКЕН ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста тағы бір мал ұрлығы тіркелді. Мағжан Жұмабаев ауданының тәртіп сақшылары сиырды қолды етіп, етін облыс орталығында сатқан ұрылардың бірін ұстады.

 

 

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ұрлық түнгі сағат үш шамасында Булаево қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Таманское ауылында орын алған. Арызданушының айтуы бойынша, қылмыскерлер алдын ала дайындалып келген екен. Тәртіп сақшыларының жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында мал қораның есігінің жабылмайтындығын алдын ала білген ұрылар қолды еткен малды жәбірленушіге көрші тұратын күдіктінің бірінің қорасында асықпай сойғандығын, кейін оның етін облыс орталығына сатуға алып кеткендігі белгілі болды. Көп кешікпей ауыл сыртында ұрланған малдан қалған тері мен қан сіңген арқан табылды.

Бұл істі ашу барысында Таманское ауылының учаскелік инспекторы Виктор Соколов күдіктілердің бірін анықтады. Ол 1981 жылы туған Таманское ауылының жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Тергеу шаралары барысында анықталғанындай, қамауға алынғанның үйіне аудан орталығынан және Алматы қаласынан бірнеше жылдардан бері кездеспеген достары қонаққа келген. Ащы су сімірген үшеуі ақша тапшылығынан қылмыс жасауға барған. Ұрлықтан соң күдіктілердің екеуі мал етін облыс орталығындағы саудагерлердің біріне өткізбек болған. Қазір екі күдіктіні іздестіру шаралары жалғасып жатыр.

Аталған ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұрылардың бірі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 35 мың теңгені құрап отыр.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp