«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ішкі істер департаментіне Петропавл қаласының бірнеше тұрғындары алаяқтың құрбаны болғандығы жайлы арызданған. Белгілі болғанындай, жәбірленушілер бір бөлмелік пәтерді ұзақ мерзімге жалға алған екен. Алайда, бірнеше сағаттан кейін белгісіз біреулер келіп, бұл пәтерді бір сағатқа ғана жалға бергендерін жеткізген. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. Ол жәбірленушілер тіркеу базасындағы фотосуретінен таныған 27 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Бұған дейін де осы сияқты алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылған күдікті тергеу барысында алаяқтық істегенін мойындады.  

Күдіктінің айтуынша, пәтерді бір тәулікке жалға алып, кейін газет хабарландырулары арқылы клиент тауып отырған. Бір қызығы – жәбірленушілер күдіктіден ешқандай құжат пен келісімшарт толтыруларын сұрамаған. Күдікті әйел бір бөлмелі пәтерлерді 35 мың теңгеге жалға беріп отырған. Облыс орталығынан осындай арзан бағаға жалға берілетін пәтердің жиі кездесе бермейтінін білген жалға алушылар алаяқтың құрбаны болып жатқандарын тіпті сезбеген. Жәбірленушілер ақшасын алдын ала қуана төлеп отырған.

Қазір 5 алаяқтық фактіге қатыстығы тексеріліп жатқан күдікті қалалық уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды. Тәртіп сақшылары алаяқ әйелден жәбір көріп, алданғандар болса, жақын маңдағы полиция бөлімдеріне арыздануды сұрайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp