«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРІН, АҚЫНЫН ҰМЫТПАЙДЫ ЕЛ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ішкі істер департаментінің мұражайында ішкі істер органының ардагері, жыр жинақтарының авторы Табылды Кенжетаевқа арналған экспозиция ашылды.  

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Табылды Кенжетаев – өз шығармаларында туған жерінің әсемдігі мен оған сүйіспеншілігін жырлаған ақындардың бірі. Облыстық Ішкі істер департаменті мұражайына отставкадағы полиция подполковнигінің жеке заттарын оның ұлы Жан Табылдыұлы табыстады. Оның ішінде кітаптары, грамоталары мен дауысы жазылған дискілер бар. Табылды Кенжетаев 1935 жылы Көкшетау облысының Сарыөзек ауылында дүниеге келген. Айыртау ауданында қылмыспен күресіп, жемісті еңбек еткен ол 1971 жылы аудандық ішкі істер бөліміне басшылық қызметке ауыстырылады. Сондай-ақ шығармашылығы үшін де бір талай марапаттарға ие болған. Мәселен, “Қаһарман” өлеңі үшін оны 1980 жылы Кеңес Одағының ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Чурбанов жалпыодақтық дипломмен марапаттайды. Талантты офицердің шығармалары республикалық баспа беттерінде жиі жарық көрген, өзінің бірнеше кітаптары шыққан. 26 жыл ішкі істер органында қызмет атқарған Табылды Кенжетаев 1987 жылы зейнет демалысына шыққан.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp