«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ АРУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Солтүстік Қазақстан” газетінде қыз-келіншектерге арналған “Ұлпан” қосымшасы жаңа байқау жариялап отыр. Ай сайын жарық көретін басылым “Ауыл аруы” атты байқауға елді мекендерде тұратын қыздарды қатысуға шақырады.  

Үміткерлердің жасы 18-30 арасында болуы керек. Басты талап – редакцияға сапалы түскен фотосуреттеріңізді жіберу. Сонымен қатар өздеріңіз жайлы қысқа да нұсқа мәлімет беру. Басқа сұрақтар бойынша 36-01-82 телефонына хабарласуға болады.

Суреттегі қыздың есімі Бибігүл Макимкенова. Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны. “Өнер” колледжінде домбыра сыныбы бойынша Тойкен Күдеровадан білім алған. Колледжді бітірген соң Бескөл ауылының Мәдениет үйінде ұстаздық ете бастаған.

Мәдениет саласында 7 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан Бибігүл Макимкенованың шәкірттері көптеген байқаулардың лауреаттары атанды. Оның өмірдегі ұстанымы қарапайым: “Еңбек ет те, еңбегіңнің жемісін көр”.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp