«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС МАМАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының ұжымы 12 жас маманмен толықты. Осыған орай басқармада жас мамандар слеті болып өтті.  

Ләззат МҰРТӘЛІМОВА,

Петропавл қалалық ішкі істер

басқармасының инспектор-психологі.

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының кадрлық аппарат жетекшілері ҚР ІІМ Алматы және Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын тамамдаған жастарды жылы шыраймен қарсы алып, ақ тілектерін арнады. Жас тергеушілер мен жедел уәкілдер қала полициясының жұмысымен танысты. “Сіздердің кәсіби шеберліктеріңізді арттыруда, қызметтік міндеттерді атқару кезінде қиындықтарды еңсеруде қол ұшын беретін боламыз”, – деді қалалық ІІБ бастығының орынбасары Александр Деров. Полиция ардагерлері де оларға тәжірибе жинақтауға көмектесетіндіктерін айтты. Өз кезегінде жас мамандар Ақжарқын Жамукова мен Виталий Ерашов қызмет атқару кезінде барлық заң талаптарын сақтап, аға буынның сенімін ақтауға бар күш-жігерлерін салатындығына сөз берді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp