«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УАҚЫТПЕН БІРГЕ АДЫМДАП…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дінмұхаммед ШАЙКИН,

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ

экономика факультетінің деканы, экономика ғылымының кандидаты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында жүзеге асырылуға тиіс көптеген мақсаттар мен міндеттерді тілге тиек етті. Солардың ішінде зейнетақы жүйесін жаңғыртудың орны бөлек.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруды көздейді. Оның болашағы қуантпай қоймайды. Мемлекет мынаған кепілдік беріп отыр: жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер және зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде азаматтардың жеке зейнетақылық есеп шоттарына аударылатын инвестициялық кіріс ұлғая түспек. Бұған қоса жинақталған қаржы толық көлемінде аударылатын болады.

Мемлекетіміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы шешімі уақыт талабына үндес. Біз ештеңені де жоғалтпаймыз. Ынтымақтастық жүйесі шегіне келіп тірелді. Қазіргі өзгерістердің және заңнамалық бастамалардың ешқандай кері салдары жоқ. Әлемдік қоғамдастық елдері зейнетақы қамсыздандыру жүйелерін өзгеріске ұшыраған жағдайға бейімдеу үстінде. Сөйтіп Қазақстан уақытпен бірге адымдап келеді.

Меніңше, денсаулыққа зиянды салаларда және жұмыстың басқа да қолайсыз жағдайларында еңбек етіп жүргендердің міндетті зейнетақылық жарналарына қосымша еңбекке ақы төлеу қорының 5 пайызы мөлшерінде міндетті кәсіби зейнетақылық жарна төленсе абзал болар еді. Бұл оңайға соқпаған еңбек жолын аяқтағанда анағұрлым лайықты зейнетақы алуға мүмкіндік туғызады ғой.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp