«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған шағын футболдан сайыс өтті. Екі күнге созылған жарысқа облыстың күш құрылымдары мен Қостанай облысының командасы қатысты.

Ерлан МАХМЕТОВ,

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

2011 жылдың 12 қарашасы күні жанкештінің жолын қиып, ерлікпен қаза тапқан жамбылдық Ғазиз Байтасовтың құрметіне ұйымдастырылған жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған облыстық Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Серік Ыдырысов:

– Ғазиз Байтасовтың есімі біздің жадымызда мәңгі сақталмақ. Ішкі істер органдарында қызмет ететін әр сарбаз Ғазиз Байтасовтың ерлігін өнеге тұтып, қастерлеуі тиіс. Ол Халық қаһарманы, оның ерлігі ешқашан ұмытылмайды, – деді.

Бір минуттық үнсіздік жарияланды. Содан соң қатысушыларға полиция капитанының отбасылық фотосуреттерінен жасалған бейнеклип көрсетілді. Салтанатты шараға қатысқан қаһарманның жұбайы Гүлжамал Тәжиева мен ұлы Арманжан жарысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бәсекелі жарыс Ғазиз Байтасовтың ұлы Арманжанның қақпаға доп соғуымен ашылды. Кейін шаршы алаңға Қостанай облысының жол сақшылары мен Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары шықты. Екі күндік сайыс қорытындысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды облыстық жол сақшылары иеленсе, облыстық прокуратура құрамасы үшінші орынды місе тұтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp