«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.05.2013

Мерекелік құттықтау

Қымбатты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Еліміздің ең басты әрі маңызды мерекелерінің бірі – Жеңіс күні құтты болсын! Содан бері 68 жыл өте шығыпты, әйтсе де өзінің Отанын және бүкіл Еуропаны фашистік басқыншылардан азат еткен халықтың ұлы ерлігін жылдар көмескілей алмайды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс халықтың, майдан мен тылдың бірлігінің, ұрыс даласындағы жаппай …

Мерекелік құттықтау Read More »

ҚОС ҒАРЫШКЕР Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келді

Гауһар МҰҚАТАЕВА, журналист. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше облыс әкімі Самат Ескендіров өңірімізге келген Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевпен және жерлес ұшқыш-космонавт Александр Викторенкомен кездесті.   Солтүстік Қазақстан өңірінен бірнеше ғарышкерлердің шыққанын атап өткен облыс әкімі жұмыс сапарымен келген қонақтарға тұшымды әңгімелері үшін алғысын айтып, алдағы уақытта да жақсы әріптестік орнатып, жемісті жұмыс істейтіндіктеріне …

ҚОС ҒАРЫШКЕР Қызылжар өңіріне жұмыс сапарымен келді Read More »

РҮСТЕМ ЖҰМАЕВ – “ҚЫЗЫЛЖАР БАРЫСЫ”

Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Отан қорғаушы күні облыс орталығында қазақ күресінен “Қазақстан барысы” турнирінің облыстық кезеңі өтті. Балуандар бәйгесінде 32 спортшы өз аудандарының намысын қорғады. Шараға қатысқан облыс әкімі Самат Ескендіров күрес десе ішкен асын жерге қоятын қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі. “Қазақстан барысының” үшінші кезеңіне қатысқан 16 жұп боз кілемде олимпиадалық жүйе бойынша …

РҮСТЕМ ЖҰМАЕВ – “ҚЫЗЫЛЖАР БАРЫСЫ” Read More »

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ИЫҚТАРЫНА ЖҰЛДЫЗ ЖАУҒАН КҮН

Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Кеше облыс орталығындағы “Динамо” стадионында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетуге, Отан қорғаушы күнін атап өтуге, “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімнің құрылғанына 15 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті. Облыс әкімі Самат Ескендіровтің қатысуымен өткен жиында өңіріміздің бірқатар полицейлері марапатталды. Өзімен бірге Парламент Сенатының депутаты Анатолий Башмаков, Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-ғарышкер Александр Викторенко, …

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ИЫҚТАРЫНА ЖҰЛДЫЗ ЖАУҒАН КҮН Read More »

БҰҒАН ДЕЙІН “ТОП ЖАРЫП” КЕЛГЕН Тайынша ауданының жағдайы күмәнді

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Өңір басшысы Самат Ескендіров барлық аудан әкімдерінің қатысуымен селекторлық режімде кеңес өткізді. Онда 2013 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген жан-жақты талдау бойынша облыстық және аудандық бюджеттердің орындалу нәтижелері, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбекақы бойынша берешек жағдайы талқыланды.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров өз баяндамасында үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында кейбір аудандардың жергілікті бюджет бойынша міндеттерін …

БҰҒАН ДЕЙІН “ТОП ЖАРЫП” КЕЛГЕН Тайынша ауданының жағдайы күмәнді Read More »

АЙБЫНДЫ ЕЛ ҚОРҒАНЫ – жауынгерлер сап түзеді

7 мамыр – Отан қорғаушы күні биыл елімізде мемлекеттік мереке ретінде алғаш рет тойланды. Осыған орай облыс орталығында бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылды. ГүлбикеТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Мереке күні солтүстікқазақстандықтар 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне арналған ескерткіш маңына жиналып, батыр аталардың рухына тағзым етті. Облыс әкімі Самат Ескендіров бастаған жұртшылық жерлес жауынгерлердің ерлігіне бас иіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. …

АЙБЫНДЫ ЕЛ ҚОРҒАНЫ – жауынгерлер сап түзеді Read More »

САХНАДА – САҚА ӘНШІЛЕР

Қалалық ардагерлердің халық хоры Есіл ауданының Покровка ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінде қайырымдылық концерт беріп қайтты. Оны жергілікті ардагерлер мен оқу орнының оқушылары тамашалады. Облыс көлеміне әйгілі ұжымның концерті “Люблю тебя, мой край родной” хорымен басталып, “В лесу прифронтовом”, “Фронтовой вальс” әндерімен жалғасты. Галина Легких пен Николай Курков қосыла орындаған әйгілі “Смуглянка” әні тыңдаушыларды бір серпілтіп …

САХНАДА – САҚА ӘНШІЛЕР Read More »

“ЖАРАЛЫЛАР” ЕШКАШАН ЕСКІРМЕЙДІ

Таяуда қалалық Мәдениет үйінің халық театры Валентин Крымконың пьесасы бойынша “Жаралылар” (“Раненые”) спектаклін жұрт назарына ұсынды. Оны режиссер Надежда Окунева сахналады.   Анна КУЧЕРЕНКО, зейнеткер. Ұжым осы шығарманы алғаш рет осыдан 28 жыл бұрын Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арнап сахналаған болатын. Отан қорғаушылардың жауларын жеңу жолындағы жанқиярлық ерлігін, жаралы жауынгерлерді аман алып қалу жолында адамдардың …

“ЖАРАЛЫЛАР” ЕШКАШАН ЕСКІРМЕЙДІ Read More »

АРДАГЕР АНАТОЛИЙ ОВСЯННИКОВ – мақтанышымыз

Болат ӘБІШЕВ, Аққайың аудандық №9 өрт сөндіру бөлімінің басшысы. Жеңістің 68 жылдық мерекесі қарсаңында сол бір “толарсақтан саз кешіп, мұз жастанған” жылдарды еріксіз еске аламыз. Соған орай мен Солтүстік Қазақстан облысының Естелік кітабына есімі жазылған майдангер, Ұлы Отан соғысы мен өртке қарсы қызмет органдарының ардагері Анатолий Овсянников туралы айтқым келеді. Анатолий Дорофеевич 1925 жылы 14 …

АРДАГЕР АНАТОЛИЙ ОВСЯННИКОВ – мақтанышымыз Read More »

БІЗ КӨРГЕНДІ ЕШКІМНІҢ БАСЫНА БЕРМЕСІН

Сапура ТӘШЕНОВА, зейнеткер. 1932 жылы Алланың жазуымен біз, әке-шешем, туған-туыстарымыз Ресей Федерациясының Қазақстанға шекаралас Түмен облысына қоныс аударған едік. Оның себебі қуғын-сүргін, аштық кезінде сол жерлерге көптеген қазақтар барып, бас сауғалап, жан сақтағанды. Біз орналасқан жерде ел азаматтары күн көру үшін колхоз құрып, 50-60 үй болып, ауыл-ауылға жайғасқан. Соғыстың бастапқы жылдары біздің ауылдан 60 жігітті …

БІЗ КӨРГЕНДІ ЕШКІМНІҢ БАСЫНА БЕРМЕСІН Read More »

АРМЫСЫЗДАР, АРДАГЕР АТАЛАРЫМЫЗ?!

Облыс орталығындағы “Алтын бесік” балабақшасында Жеңіс күніне орай таңертеңгілік өтті.  Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Шара барысында бүлдіршіндерді атаулы мейраммен құттықтай келген аталары – Ұлы Отан соғысының ардагерлері Нөркеш Сағдат пен Иван Маловичко балабақша тәрбиеленушілеріне алғыстарын айтып, Қазақстанның аспаны әрқашан ашық болсын деген ортақ тілектерін жеткізді. Таңертеңгілік барысында әскери шеруге шығып, қоян-қолтық ұрыстың үздік үлгісін көрсеткен №6637 …

АРМЫСЫЗДАР, АРДАГЕР АТАЛАРЫМЫЗ?! Read More »

20 ЖАС МАМАН ТОЛЫҚТЫРДЫ

20 жас маман СҚО ІІД-нің жанындағы облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасына жұмысқа тұрды. Осыған орай басқарма басшылығы Ішкі істер департаменті мен “Абылай хан резиденциясы” мұражайларында көрме ұйымдастырды.    Қылмыстың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтаудан басқа Күзет басқармасы міндетіне мемлекеттік маңызы бар ғимараттарды күзету кіреді. Төзімділік пен шымырлықты талап ететін қызметтің мамандары өздерінің шеберліктерін ұдайы …

20 ЖАС МАМАН ТОЛЫҚТЫРДЫ Read More »

ЖАС ӨРТСӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ШЕБЕРЛІГІ ШЫҢДАЛДЫ

Мамлют ауданының орталығында Жеңіс күнінің 68 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне орай ауданның орта мектептері арасында жас өртсөндірушілер жасақтарының сайысы өткізілді. Аудандық төтенше жағдай жөніндегі бөлім мен №15 ӨСБ қызметкерлері ұйымдастырған шараға аудан мектептерінің 9-10-сынып оқушыларынан жасақталған 6 команда қатысты. Сайыстың мақсаты – балалардың отпен ойнауына жол бермеу, алдын алу, өрт болған кезде не істеу …

ЖАС ӨРТСӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ШЕБЕРЛІГІ ШЫҢДАЛДЫ Read More »

СУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚҰРБАНЫ

М.Жұмабаев ауданында Полудино ауылының жанындағы Половинное көлінде қайғылы оқиға орын алды.   Түнгі сағат бір кезінде балық аулап жатқан 32 жастағы азамат қайықтан суға құлап, батып кеткен. Ал қайықтағы екінші балықшы аман қалған. Бүгінгі таңда төтенше жағдайдың себебі анықталуда. Облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің мамандары батып кеткен балықшының мүрдесін іздестіруде. Бұл үстіміздегі жылдың облыс бойынша …

СУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚҰРБАНЫ Read More »

ӨЛІМ ШАШЫП, ШЫҒАДЫ ӨРТ…

Үстіміздегі жылдың басынан бері облыста 246 өрт болып, одан 115 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 30 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Жиырма адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.   Елу жастағы баспана иесінің мас күйде темекі тарту салдарынан Тайынша ауданының орталығында өрт орын алды. Төрт қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерлердің …

ӨЛІМ ШАШЫП, ШЫҒАДЫ ӨРТ… Read More »

КИКБОКСШЫЛАРЫМЫЗ КӨЗГЕ ТҮСТІ

Тараз қаласында кадеттер арасында кикбокстан ел біріншілігі өтті. Шаршы алаңда бақ пен бабын сынаған жерлес спортшылар Никита Сипягин (51 кг.) мен Нұржан Алдабергенов (48 кг.) – бірінші, Болат Жасұзақ (54 кг.), Павел Миллер – (54 кг.) және Сергей Мирный (71 кг.) 3-орынды иеленді.   Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

ҮШІНШІ ОРЫННАН КӨРІНДІ

Талдықорған қаласында жекпе-жектен ел біріншілігі аяқталды.   Аталмыш жарыста солтүстікқазақстандық Айбас Қоңқаев 80 кг. салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 3-орынды иеленді.   Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

ҮШ МЕДАЛЬҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК

Ақмола облысының Щучье қаласында “Бурабай – 2013” спорттық бағдарлаудан халықаралық турнир аяқталды.   Жарыстың қорытындысы бойынша “Ардагерлер” тобында жарысқа түскен солтүстікқазақстандық бағдарлаушы Валерий Налобин, “Элита” тобында жерлестеріміз Наталья Чуприкова мен Аслан Тоқбаев қола медальға қол жеткізді.   Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕР САЙЫСЫ

Алматы қаласында үшінші жасөспірімдер ойындарының аясында семсерлесуден өткен ел біріншілігінде өңірлік құрама жақсы нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысына келсек, облыстық ерлер құрамасы (Денис Анацко, Артем Вольф, Степан Тупов, Вадим Лысенко) жалпыкомандалық үшінші орынды жеңіп алды.   Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

ВЕЛОШАБАНДОЗДАР БӘСЕКЕСІ

Облыс орталығында веложарыс-критериум бойынша қала біріншілігі өтті. 1200 метрлік айналмалы жолды 12 рет айналып өткен 15-16 жасар спортшылардың ішінде Богдан Гапотченко 21 ұпаймен топ жарса, 8 айналым жасаған 13-14 жас аралығындағылар арасында Никита Маматов топ жарды. Ал кіші топ спортшылары 3 айналым жасап, мұнда Илья Кочетков үздік атанды. Сайыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен …

ВЕЛОШАБАНДОЗДАР БӘСЕКЕСІ Read More »