«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.05.2013

ҚЫЗЫЛЖАР АКРОБАТШЫЛАРЫ – ӘРҚАШАН АЛДА

Литваның Висагинас қаласында спорттық акробатикадан “Оpen baltik kinder – 2013” халықаралық турнирі өтті. Сайысқа Германиядан, Ресейден, Беларусьтен, Литва мен Қазақстаннан 170 акробатшы қатысты. Аталмыш сайыста облыс намысын қорғаған Антон Ямпольский мен Дамир Құсайынов жасөспірімдер бағдарламасында бірінші орынды жеңіп алды.   Облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы. 

ШАХМАТШЫ ШӘКІРТТЕРІМІЗ ЕРЛЕДІ

Павлодарда оқушылар арасында шахматтан “Ақбоз ат – 2013” республикалық біріншілігі өтті. Үш топ бойынша өткен додаға солтүстікқазақстандық шахматшылар да қатысты.   Сайыс қорытындысы бойынша Айдар Қарабаев, Сұңқар Жомарт, Мәлике Қожықова, Алина Құдайбергеновадан құралған кіші топ – екінші, Әли Дондыхын, Василий Пащенко, Салтанат Темірболат, Құндыз Дондыхтан жасақталған орта жас тобы – үшінші орынды иеленсе, ал аға …

ШАХМАТШЫ ШӘКІРТТЕРІМІЗ ЕРЛЕДІ Read More »

ЖАДЫНДА БЕЛАРУСЬ ОРМАНЫ…

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Ұлы Жеңістің 65 жылдығында Украина мен Беларусь елдерінен жолданған үшбұрышты екі хатты әжім қолдарымен қыса түскен ардагер көзіне жас алды. Қол орамалын алып, көзін сүрткен қарттың бұл толғанысының жөні бар: ол өзінің жігіттік шағының жеті жылын сол елдерде өткізген. Бұл өмір мен өлім арпалысқан қилы заман болатын.   – Е, қарғам, …

ЖАДЫНДА БЕЛАРУСЬ ОРМАНЫ… Read More »

“ЖАС ОТАННЫҢ” МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ЖӘРДЕМІ

“Ардагерлерді ардақтайық!” атты республикалық акция аясында “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы мен “Жас Отан” жастар қанатының мүшелері “Ұмытылғанды жаңғырту” айлығын қолға алды.    Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қарт майдангерлерге көмек қолын созу мақсатында ұйымдастырылған шараны еңбек десанты алдымен Қызылжар ауданының Бескөл ауылынан бастады. Бұрынғы “Тимуршылар жасағының” игі істерін тағы бір қайталаған өңір жастары қариялардың аулаларын …

“ЖАС ОТАННЫҢ” МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ЖӘРДЕМІ Read More »

ҚАБЫРҒАҒА ІЛІНГЕН СУРЕТ

Әсемгүл ЕСІМСЕЙТОВА, ұстаз. Отан қорғау жолындағы қанды шайқастар болып, тарих беттеріне жазылған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 68 жыл толғалы отыр. Бұл зұлмат қырғын қаншама адамның өмірін қиып, қаншама адамның көз жасын қанмен сорғалатты. Уақыт емші дегенмен, жан жарасының жазылуы оңай емес-ау?! Бүгін біз ашық аспан астында, соғыстың ызғарынсыз өмір сүріп жатырмыз. Мен өзімді осы …

ҚАБЫРҒАҒА ІЛІНГЕН СУРЕТ Read More »

90-ға КЕЛСЕ ДЕ, төбесінен тік тұрады

Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, ауданымыздың қадірлі ақсақалы, жас пен кәрінің үлгі тұтар адамы, Ленинград ауылының тұрғыны Ерденбай Юсупов биыл торқалы 90 жасқа келді. Ибрай ИЛЬЯСОВ. Ол кісіні сырттай қарағанда 60-тан енді ғана асқан елағасы деп ойлайсың. Жүріс-тұрысы, қимылы әлі ширақ қария – саламатты өмір салтын ұстанып, әлі күнге дейін спорттан қол үзбеген адам. …

90-ға КЕЛСЕ ДЕ, төбесінен тік тұрады Read More »

СҰМ ҚЫРҒЫН ТАЛАЙЛАРҒА САЛҒАН ҚҰРЫҚ

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.   “ОСЫ ЖЕРДЕ ЖАТЫРМЫЗ!” Елге хабар келе қалса майданнан,Сүйіншілеп қуанбайды қандай жан?!Сүйенерін оқ жалмаған әр үйдіңТірі жаны жүрегіне қайғы алған. Жаны тірі майдан жайлы толғайды,Толғанбайтын тірі пенде болмайды.Батыс жақтан жақсы хабар жеткендеСәтке болсын ұмытылып сол қайғы.

БЕСКӨЛДІКТЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметкерлері “Қазақтелекоммен” Бескөл ауылының тұрғындары үшін бірлесіп “Ретро Party” іс-шарасын өткізді.    Бұл күні Бескөл ауылының орталық алаңындағы сахнада дирекцияның жас қызметкерлері өткен ғасырдың әндері мен билерін орындады. “Ретро Party” қонақтарына жүлделер, ұтыс ойыны, конкурстар және “Қазақтелеком” АҚ қызметтері және жалпы телекоммуникация туралы …

БЕСКӨЛДІКТЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ Read More »

“ҰМЫТПАС САН ҰРПАҚТАР ЕРЛІГІҢДІ”

Үстіміздегі жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 68 жыл толғалы отыр. Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған қанқұйлы соғыста Қазақстаннан да көптеген жауынгерлер жауға қарсы жан аямай шайқасты. Осынау соғыста КСРО бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер, қолбасшылар, партизандар, қарапайым халық өкілдері Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Солардың қатарындағы 103 қазақ қаһарманының бірі Ысқақ Ыбыраев еді. …

“ҰМЫТПАС САН ҰРПАҚТАР ЕРЛІГІҢДІ” Read More »

ЖЕТПІС ЖЫЛДАН КЕЙІН сүйегі табылған жауынгерге туған жерінен топырақ бұйырмақшы

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Жуырда Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылдық округінің әкімі Мейрам Сүлейменовке Ленинград облысының Лодейное Поле елді мекенінің маңындағы Ұлы Отан соғысының ұрысы болған жерде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан іздеушілер телефон шалып, қаза болған жауынгерлердің біреуінен осы ауылдың тумасы Мұқажан Махметовтың медальоны табылғанын хабарлады. Ауылдық округтің әкімі ленинградтық іздеушілерге жауынгерлік жеке белгісі табылған …

ЖЕТПІС ЖЫЛДАН КЕЙІН сүйегі табылған жауынгерге туған жерінен топырақ бұйырмақшы Read More »

ОСЫНДАЙ ЕСКЕРТКІШ БОЛА МА ЕКЕН?!

Қошан ҚАЛИ, “Солтүстік Қазақстан”. Бүгін аяқталғанына 68 жыл толатын сұрапыл соғысты кім ұмыта алады?! Бұрын 21 миллион деп келсек, ал соңғы деректерге сүйенсек, онда 27 миллионға жуық адам қазаға ұшыраған. Олай болса сол қырғын соғысты ұмытпау дегеніміз – алдымен Отан қорғау жолында оққа ұшқандарды және сол қан майданнан қайтып оралғандарды ұмытпау деген сөз. Міне, соларды …

ОСЫНДАЙ ЕСКЕРТКІШ БОЛА МА ЕКЕН?! Read More »

ЕРЛІК ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ

Ұлы Отан соғысы алыстаған сайын өз Отанын қасық қаны қалғанша қорғаған солтүстiкқазақстандық ардагерлердің қатары жыл санап сиреп барады. Өскелең ұрпаққа сол жылдардың қиыншылығын, ардагерлер еңбегін түсіндіру мақсатында ұрпақ сабақтастығы қажет. Осы орайда мектеп мұражайларының маңызы зор. Анна КУЧЕРЕНКО, зейнеткер. Облыс орталығындағы №2 орта мектептің мұражайында Кеңес Одағының Батыры Виктор Булавскийдің 20 жылдық өмір жолы мен …

ЕРЛІК ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ Read More »

ӨЗІҢ ЖАҚҚАН ШЫРАҒЫҢМЫН

Мамыр басталғаннан өзгеше бір күйге түсемін. Өзіңе тартып қанша мықты болайын десем де, сезімімнің пернелері сағыныштың сазына шыдамай жиі үзіледі… Көшеде көзім түскен ардагерлердің ордендері мен медальдары арасынан “Қызыл Жұлдыз” іздеймін, көзіме ілінбейді. Ағаш аяқтылар да жоқ. Ондайда: “Менің әкемнің екі бірдей “Қызыл Жұлдыз” ордені болған”, – деген бала күнімнен қаныма сіңген мақтаныш сезімім толып …

ӨЗІҢ ЖАҚҚАН ШЫРАҒЫҢМЫН Read More »

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРБОЛЫМЫЗ ЕДІ…

Жақсыбай САМРАТ, жазушы. Ерболдың кіндік қаны Солтүстікте тамып, үлкен жерлерге өлкемізді лайықты түрде танытып жүрсе де, Қызылжар өңірі оны жақсы білді, өнерін бағалады деп айта алмаймыз. Оның нешетүрлі себептері бар. Алдымен, біздің менталитетіміз басқа қазақтан өзгешелеу. Ешкімге “ой-бауырымдап” тұрмаймыз. Салқынбыз. Мұны орыстілділердің бойынан ғана емес, таза қазақы қалыптағы жігіттерден де байқауға болады. Шетте жүргендеріміз де …

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРБОЛЫМЫЗ ЕДІ… Read More »

МАҚСАТ – ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАЛҒАН ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Премьер-Министр Серік АХМЕТОВТІҢ “Егемен Қазақстан” газетіне сұхбаты

– Серік Нығметұлы, өткен аптада Сенатта зейнетақы жүйе­сін жаңғыртуға қатысты заң­ жо­басының таныстырылымы болып өтті. Ұсынылып отыр­ған­ түзетулер еліміздегі зей­нет­ақы­мен қамсыздандыру саласына тү­бегейлі өзгертулер енгізуді көз­дейді. Жалпы, зейнетақы жүйе­сін жаң­ғыртудың мақсаты не? – Үкімет пен Ұлттық банк бұл мәселемен біраз жылдардан бері шұғылданып келеді. Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан өзгертулер зейнетақы жүйесін жетілдіру үдерісінен туындап …

МАҚСАТ – ТҰРАҚТЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАЛҒАН ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Премьер-Министр Серік АХМЕТОВТІҢ “Егемен Қазақстан” газетіне сұхбаты Read More »

ҚАЙРАН АҒАЛАРЫМ, ҚАЙДА ЕКЕНСІҢДЕР?..

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, жазушы, Парламент Сенатының депутаты. Күркiреп өткен кешегі соғыстың мәңгi ұмытылмас, жаныңды мәңгi сыздатар қасiретi бар екен. Мен осы бiр қасiреттi жастайымнан сезiп өстiм. Көктем шығып, 9 мамырдағы Ұлы Жеңiс мейрамы жақындаған сайын әкем көп күрсiнетін де, ақыр соңында төсек тартып, жатып қалатын. Қайран әкем үшін қанды майдан даласындағы қырғыннан оралмаған өзiнiң төрт бiрдей …

ҚАЙРАН АҒАЛАРЫМ, ҚАЙДА ЕКЕНСІҢДЕР?.. Read More »