«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БӘРІН ДЕ БАҚЫЛАЙТЫН БОЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.

“Солтүстік Қазақстан облысының қоғамдық бақылау” коалициясы – республика өңірлері ішінде осы бағыттағы әзірге бірінші болып құрылған қоғамдық ұйым. Ол облыс әкімдігімен осы жылдың 14 ақпанында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, бүгінде ондағы көрсетілген негізгі ынтымақтастық бағыттары бойынша жұмыс жүргізе бастады. Коалицияға “Қазақстанның Азаматтық альянсы” облыстық филиалының төрағасы Сергей Худяков үйлестіруші ретінде жетекшілік жасайды. Жыл басындағы ұйымдастыру шараларынан кейін жуырда екінші рет бас қосқан коалиция мүшелері 2013 жылға белгіленген қоғамдық бақылаудың жұмыс жоспарларын талқылап, бірінші кезекте бақылауға алынатын іс-шараларды анықтады.
Коалиция үйлестірушісі Сергей Худяков бірінші тоқсанға жоспарланған қоғамдық бақылау бойынша “дөңгелек үстел” өткізіп, онда облыс бюджетінің мөлдірлігі және жергілікті бюджеттердің ашықтығы индексін көтеру үшін ұсыныс енгізу мәселелері қаралғанын айтты. Сондай-ақ сараптамалық есепті деректер облыстың қаржы ұйымдарының жұмысына септігін тигізетінін сөз етті. Ондағы айтылған нұсқамалар әкімдіктің тарапынан да қолдау тауып отыр.
Келесі кезекте коалиция мүшелері тағы екі күрделі мәселеге назар аудармақшы. Мысалы, онкологиялық ауруларға сапалы медициналық қызмет көрсету және оларды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді қанағаттандыру жайы туралы қоғамдық бақылау жасауға әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Оған коалицияның белсенді мүшелері тартылып, қаладағы және аудандардағы онкологиялық жағдайларға талдау жасалады.
Сол сияқты “Балапан” бағдарламасы бойынша да жүргізіліп жатқан жұмыстарға таяуда бақылау жасау жоспары бар. Бүгінде тек Петропавл қаласында ғана 9 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Осы өткір мәселені қаладағы қайтадан бүлдіршіндер игілігіне қайтарылғалы отырған 7 балабақша ғимаратымен шешу мүмкін емес. Әрине, қолдағы бар мүмкіндікті пайдаланған дұрыс, бірақ алдағы уақытта жаңа балабақшалар құрылысын қолға алмай болмайды. Қоғамдық бақылау шаралары, міне, осындай өзекті мәселелерге назар аударып, оған қоғамдық қолдау туғызуға тырысады.
Коалицияның бұл жиынында “Атамекен одағы” Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы” ЗТБ филиалының директоры Елена Виссарова коалиция мүшесі ретінде қоғамдық бақылау жоспарына “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру барысын қадағалауды да енгізуді ұсынып, осы бағытта жұмыс жүргізуге өзі тілек етті.
Қоғамдық ұйымның жұмыс жоспарынан олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне қолдан келгенінше үлес қосуға тырысып отырғаны аңғарылады. Әзірге қала бойынша 23 ұйымның өкілдері мүше болып табылатын қоғамдық бақылау коалициясының қатары алдағы уақытта толыға түсуі мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp