«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУМАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ БАС СХЕМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.

Облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцевтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің және “Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты” АҚ-ы Астана филиалының өкілдері қатысқан Солтүстік Қазақстан облысының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын талқылауға арналған кеңес өтті. Кездесуге облыстық мәслихаттың депутаттары, жергілікті биліктің және мүдделі қызметтер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңесті ашқан ҚР Өңірлік даму министрлігі Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің директоры Салауат Дембай облыстың аумағын ұтымды ұйымдастырудың жүйесі мен ұзақмерзімді өңірлік дамудың көрінісін қамтитын осы бас схеманы қабылдаудың аса маңыздылығын және оны дайындаудың республикада бірінші болып 2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысында басталғанын атап өтті. Жыл аяғына дейін оны заңдылық тәртіпте бекітуге күш салынатынын айтты.
“ҚазҚСҒЗИ” АҚ-ның Астанадағы филиалының директоры Тұрлыбек Мұсабаев Қазақстан Республикасының, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы 2010-2013 жылдары аралығында “Қазақстан – 2030” Стратегиясына, болжамды схемаға, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға, 2030 жылға дейінгі жобалаудың есептік мерзіміне сәйкес әзірленіп жатқанын өз баяндамасына арқау етті.



Онда айтылғандай, 2011 жылы материалдар жинау, өндіруші күштерді дамытудың негізгі бағыттарына сараптама және бағалау жүргізу, тұрғындарды қоныстандыру, әлеуметтік, инженерлік-көліктік және рекреациялық инфрақұрылымдарды жетілдіру, аумақтар шекарасын нақтылау жұмыстары жүргізілді. 2012 жылдан бастап Қазақстанның аумақтарын ұйымдастырудың барлық бағыттары бойынша жобалық ұсыныстар мен жобалық шешімдер әзірлеу қолға алынды, сонымен бірге мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен келісу үрдістері жүріп жатыр. Биылғы жылы бұл жұмыс аяқталады және тиісті Үкімет қаулысымен бекітіледі, деді ол. Облыс аумағын ұйымдастыру жұмыстарының жобасына негізделген слайттық көрсетілімдер арқылы мысалдар келтірді.
Кеңесте сөз алған қала әкімі Төлеген Закариянов, әсіресе, аумақтық ұйымдастыру жұмысының ауадай қажеттілігін облыс орталығының тұрғындары қатты сезініп отырғанын, онымен қаланың бас сәулет және құрылыс жобаларының да тығыз байланыстылығын айтып, қала әкімдігінің бірлесе жұмыс жүргізуге әзірлігін жеткізді. Жиын соңында кеңеске қатысушылардан түскен сұрақтарға астаналық мамандар жауап қайтарды.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp